Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық мәселе қолға алынуда

Қоғамдық мәселе қолға алынуда

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап жүйелі және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асырып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негіздері «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында көрініс тапты.
«Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды жүзеге асырып келеді. Аппараттың 2023 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
іс-шаралар жоспары» бекітілді. 2022 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жыл басынан бері заң талаптарын түсіндіру мақсатында бірнеше мәрте құқықтық оқу өткізілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар үшін жазалар және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметкерлерге таныстырылды. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бай-
ланысты 2023 жылы аудандық «Қазалы» газетінде «Қоғам дертіне тосқауыл керек» тақырыбында мақала жарияланды. Мекеме қызметкерлері мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстері мен мүліктері туралы декларация белгіленген мерзімде тапсырылды.
Аппарат қызметкерлері тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзып тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар болған жоқ. Бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау апта сайын тұрақты жүргізіліп келеді. «Сенім телефоны» 28-2-40 телефоны белгіленді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланған материалдардың қоғамдық резонанс қалыптастыруының алдын алу
мақсатында интернет ресурстармен жұмыс істеуге жауапты маман бекітілді. Фейсбук әлеуметтік желісінен арнайы парақша ашып, жүргізіп отырмыз. Әлеуметтік желіге атқарылған жұмыстар туралы ақпараттар салынуда. Алдағы уақытта да Қазақстан Республикасының
заңдылықтарының толық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілетін болады.

Қонысбек ҚҰРМАНБАЕВ,
Майдакөл ауылдық
округінің әкімі
12 желтоқсан 2023 ж. 66 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930