Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлеңкелі іспен күрес

Көлеңкелі іспен күрес

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сыбайлас жемқорлық көріністерінің белең алуы – адам мен қоғамның демократиялық негіздерге және заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген көзқарасына кері әсер ететіні хақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру басымдықтардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл әрбір саналы адамның адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны
туралы білімін қамтитын қасиеті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеуі ғана емес, оны жоюға және күресуге талпынуы болып табылады.

«Өркендеу ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл басынан бастап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша құқықтық оқытулар өткізіліп келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу тақырыбында мақалалар жарияланды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде мақалалар үнемі беріліп отыр. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалықарау қадағаланады. Соған сай барлық өтініштер белгіленген мерзімде қаралады.
Мемлекеттік қызметтер «elicense.kz» веб порталы арқылы электрондық түрде қабылданып, заң шеңберінде қаралып жауап беріледі. Ауыл әкімшілігі мамандары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алынған. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, ел дамуы бұдан да биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жал-
пы кез келген қызметкер өз отбасында әріптестерінің арасында осы қағиданы ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық.
Елдің әлеуметтік хал-ахуалыныңжақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен
күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.

Қ. ҚУАНҒАЛИ,
Өркендеу ауылдық
округінің әкімі
12 желтоқсан 2023 ж. 118 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930