Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орысбек Жамшейітов: Жетістіктер жаңа белестерге жетелейді

Орысбек Жамшейітов: Жетістіктер жаңа белестерге жетелейді

Бүгінде спорттың адам өмірінде алатын орны ерек. Денешынықтырумен шұғылданғандардың денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Қазалы ауданы спорт саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл орайда Қазалы ауданының мәдениет және спорт бөлімі басшысының орынбасары Орысбек Жамшейітовпен сұхбаттасудың сәті түскен болатын.
– Қазір Қазалы ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары көп пе?
– Негізінде денешынықтыру және спортпен үзбей айналысатындар баршылық. Дегенмен күнделікті қимыл-қозғалысты серік еткендер арасында 39,0 пайызға көтеріліп, 30069 адамға жетіп отыр. Бұқаралық спортты дамытудың негізгі жолы жарыстарды көптеп өткізіп, халықты спортқа тарту. Бұл мақсатта аудан аумағында осы кезге дейін халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық 139 бұқаралық спорттық іс-шара өткізілді. Оған 10000-ға жуық адам қатысты. Оның ішінде Халықаралық турнир – 1, облыстық турнир – 24 және 114-і аудандық турнир мен жарыс болып ұйымдастырылды.
Бүгінде мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 10,565,3 теңге бөлінді. Сала мамандары 29 спорт нұсқаушысы кент, қала және 19 елді мекенді қамтып, 5220 адамды тұрақты дене шынықтырумен шұғылдануға баулып келеді.
– Қоян жылы аудан спортшылары үшін жемісті болды деуге әбден болады. Қанша жүлдегер Қазалының атын асқақтатты?
– Әрине ауыз толтырып, кеудеміз мақтаныш сезіміне кенелетіндей-ақ себеп бар. Бангкок қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан чемпион атанса, Таисия Алексеева ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Алматы қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының VІ жазғы Спартакидасында қазалылық Алтынай Тәңірбергенова 59 келі салмақта жеңіс тұғырынан көрінді. Астанада грэпплинг күресінен өткен Азия чемпионатында 2 споршы алтын иеленсе, 3 спортшы күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қытай елінің Ханчжоу қаласында ХІХ Жазғы Азия ойындарында жерлесіміз Абылайхан Жұбаназар дзюдодан қола жүлдені иемденді.
Греция елінің Лутраки қаласында өткен грэпплинг және грэпплинг гиден өткен Әлем чемпионатында Қазалы ауданының спортшылары Аружан Алматбаева және Айкүнім Русланқызы жеңімпаз болса, Греция елінің Лутраки қаласында өткен грек-рим және еркін күрестен ардагерлер арасында Әлем чемпионатында ардагер спортшы Самат Оспан жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлады.
Былтыр Шиелі ауданында өткен ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2023» ХХХVІ облыстық спартакиадасында Қазалы ауданының құрама командасы 98 ұпаймен жалпы командалық есепте 4 орынға шықты.
Сонымен бірге 2023 жылдың 29 мамыр-10 маусым күндері мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай облыс әкімінің жүлдесіне арналған 28-інші дәстүрлі спартакиада ойындарында Қазалы ауданының құрама командасы жалпы командалық есепте ІІ орын иеленіп, күміс жүлдені жеңіп алды.
Жалпы 2023 жылы Қазалы ауданының спортшылары Әлем чемпионатында 3 алтын, 9 күміс, 1 қола, Азия чемпионатында 6 алтын, 9 күміс медаль жеңіп алды. Халықаралық турнирлерде 3 алтын,13 күміс, 12 қола медаль иеленді. Әр спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 23 алтын, 32 күміс, 36 қола медаль дорбаға түсті.
Бұдан бөлек 1 спортшы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Ал 4 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындаса, Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер 96 спортшы атанып, 10 спортшы спорт түрлері бойынша Қазақстан құрама командасына енді.
– Қазір қандай жұмыстар атқарылуда?
– Бұл күні бұқаралық спортты дамытумен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоғарғы білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде 1484 оқушы 13 спорт түрімен шынығады.
№18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 758 оқушы 9 спорт түрімен жаттығады. Қазалы спорт клубы бойынша 554 оқушы 8 спорт түрі бойынша тұрақты жаттығады.
Халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қалай іске асуда?
– Жылда жоспарға сай бекітілген ереже төңірегінде атқарылатын жұмыстарды нақтылап отырамыз. Осыған орай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында 2022 жылдың өзінде Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Байқожа елді мекенінен 6 спорт алаңы ашылды. Сонымен бірге Қашақбай Пірімов ауылында спорт кешені пайдалануға берілді.
2023 жылы Жанқожа батыр, Майдакөл, Бекарыстан би, Қашақбай Пірімов, Басықара, Ақсуат, Жанкент ауылдарындағы спорт алаңдары жөндеуден өткізілді. Барлығы 47 жасанды алаң бар. Үрмәш Түктібаев ауылында спорт кешені халық игілігіне ұсынылды.
Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Жалаңтөс батыр, Бекарыстан би, Ғ.Мұратбаев, Қожабақы ауылдарынан да спорт кешендерінің құрылысына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, облыстық бюджетке ұсынғанбыз. Әйтеке би кентіндегі Жеңіс саябағындағы, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарындағы спорт кешендерінің құрылысына қаржы бөлінді. Амандық болса, 2024 жылы құрылыстары бастау болады.
– Ұлу жылының да басталғанына көп болмады. Жалпы бұл жылға қандай жоспарларыңыз бар?
– Биыл жоспарымыз өте көп. Жоғарыда атап өткендей, 10 спортшымыз спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларында өнер көрсетіп жүр. Осы спортшыларды 2024 жылдың 26 шілде-11 тамыз күндері Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігінше қолдау білдіру. Оған қоса Әлем Кубогіне және Азия ойындарына спортшыларды тыңғылықты дайындықпен жолдау. Волейболдан аудан құрамасын Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, гандболдан (қол добы) аудан құрамасын Қазақстан Республикасының Бірінші Лигасының ойындарына жіберу. Кіші футболдан Әуесқойлар футбол лигасының аудан жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының ХІІ Чемпионатына қатыстыруды көздейміз.
Одан бөлек кенжелеп қалған ұлттық спорт түрлерін дамытуды ойлап отырмыз. Оның ішінде 2023 жылы демеушілердің қолдауымен ат спортына қызығушы жастардың қатысуымен 5 рет жаппай көкпар ұйымдастырылды. Биыл да Қазақ күресінен, ат спортынан және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен аудандық, облыстық жарыстар өткізуді қолға алмақпыз.
№18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі сыртқы есіктер толықтай ауыстырылды. Еден толығымен кафельденді, төбесі толықтай жаңартылды. Спорттық құрал жабдықтар толығымен алынды. Жаттығу аппараты 3 дана алынды. Гір тасынан әртүрлі салмақта 40 данасына қол жеткіздік. Штанга және гантельмен жабдықталды. Татами – 72, үстел теннисі – 1, грек-рим күресінің кілемі – 1, канат – 1 дана иемдендік.
– Сүбелі сұхбатыңызға рақмет.
СұхбаттасқанАйнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
09 қаңтар 2024 ж. 343 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930