Партия филиалында кезекті қабылдау өтті
Бүгін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жәмшейтов Орысбек Қаниұлы «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес аудан тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ аталмыш санаттағы өкілдерді облыстық, аудандық деңгейде өтетін жарыстарға қатысуға мүмкіншілік жасау және жұмыспен қамту сынды бірқатар мәселелерімен жүгінді.
Бөлім басшысы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық жарыстар өткізу алдағы жоспарда бар екенін және аталмыш топ өкілдері арасында облыстық, аудандық деңгейде өткізілетін жарыстарға қатысуға тиісті жұмыстар атқаратындығын жеткізді. Қабылдау барысында жұмыспен қамту мәселесі бойынша жүгінген жас маманды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спортты дамыту әлеуметтік тапсырысы аясында 2022 жылғы әлеуметтік жобаның жеңімпазы "Qazaqstan Jastary" ҚҚ - ның төрағасы Альфия Хайбулинаның қолдауымен спорт нұсқаушы ретінде жұмысқа жіберілетін болып, мәселесі оң шешімін тапты.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат