Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығармашыл педагог

Шығармашыл педагог

«Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген эстетикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту» –деген екен ғұлама әл-Фараби. Ендеше барлық тәрбиенің бастауы болатын балабақшадағы тәрбиенің қайнаған қазанында жүрген әріптесім Әйтеке би кентіндегі №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының музыка жетекшісі Гүлнұр Құмарбаеваны мектеп жасына дейінгі балалардың музыкаға қабілетін шыңдауда бойындағы бар күш-жігерін жұмсап жүрген еңбекқор педагог деп айта аламын.
Гулнур Берекетқызы Жоғары білімді, педагог-зерттеуші. Жиырма жылдық еңбек өтілі бар, тәжірибелі, шығармашыл педагог. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, баланың дамуына үлесін қосуды мақсат еткен педагог – міндеттерді жүзеге асыру үрдісінсауатты түрде ұйымдастырады.Алынған нәтижелерді шебер саралап, тұжырымдар мен қорытындылар жасайды. Жетекшілік жұмысын қоғамдық қызметпен ұштастыра біледі.
Гүлнұр жаны жайсаң, айналасындағы адамдардан көмегін еш аямайтын, өзіне талап қоя білу,ашық әңгімелесу, кез келген баланың жүрегіне жол таба біледі. Сонымен бірге өзі ізденімпаз, инновациялық технологияларды үнемі қолданып,таңқалдырудан жалықпайды. Оқу үрдісінде бүлдіршіндерге білім беруде шығармашылық және ойын арқылы ұйымдастыруды мықты қолға алған. Бүлдіршіндердің бойына шығармашылық қасиетті дамытып, жан-жақты дамуына әрдайым өз үлесін қосып, еңбек еткен жылдарда талай жетістіктерге жетіп, республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға қатысып балабақшаның абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз музыкант. Бүлдіршіндердің бойына шығармашылық қасиетті дарытып,жан-жақты дамуына,өскелең ұрпақ тәрбиелеуде өз еңбегін аянбай қосып, өлшеусіз еңбектері үшін жүлделі дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталып келеді.
Атап айтсақ, әр жылдарда «Әнші болғым келеді» аудандық ән байқауында тәрбиеленушілері жүлделі І, ІІ орындарды иеленсе, «Балдәурен аудандық би байқауының аймақтық іріктеу кезеңінде жүлделі ІІ орын алғаны үшін Қазалы аудандық білім бөлімінің дипломы, «Үздік авторлық бағдарлама – 2023» байқауының аудандық және облыстық кезеңдерінен алға суырылып шығып, жүлделі І орын иемденгені үшін білім бөлімінің және Қызылорда облыстық білім басқармасының дипломы, «Үздік авторлық бағдарлама –2023» республикалық конкурсына қатысқаны үшін «Дарын» республкалық ғылыми практикалық орталығының сертификаты және грамотасымен марапатталды.
Облыстық, республикалық «Ән шырқайық бәріміз!» атты патриоттық әндерді хормен айту челлендждіне қатысты. Сонымен қатар «Мектепке дейінгі ұйымдарда музыка әрекетінде бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы сараптау кеңесінде қаралып, облыс көлемінде таратылып, баспаға ұсынылды.
Педагогикалық іс-тәжірибесінің арқасында педагогикалық ұжым, шәкірттері және ата-аналар арасында құрметке бөленіп жүр. Заман талабына сай, қоғамға лайықты, білімді де, білікті жетекші екенін дәлелдеп, білімін үнемі жетілдіріп, білім мен тәрбиені ұштастырып жүрген педагог - Гүлнұр Құмарбаева отбасында үлкенді құрметтеп, ене бағып отырған келін. Екі ұл, бір қыздың анасы, екі немеренің сүйікті әжесі.
Индира САГИТЖАНОВА,
«Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі
25 желтоқсан 2023 ж. 214 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930