Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер күзде иммунитетке кері әсер ететін негізгі факторлардың бірін атады

Дәрігер күзде иммунитетке кері әсер ететін негізгі факторлардың бірін атады

Фото: Prostock-studio / Shuttersock / FOTODOM
Кардиолог Гүлнара Орлова ұйқының тұрақты түрде қанбауы иммунитетті әлсірететінін айтты. Оның пікірінше, ағзаның қорғанысын күшейту үшін дәрі-дәрмекке жүгінгеннен гөрі, дұрыс ұйқы мен күн тәртібін қалыптастырған пайдалы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның сөзінше, ересек адам тәулігіне 7-9 сағат ұйықтауы керек. Сонымен қатар күн сайын бір уақытта жатып, бір уақытта тұрған жөн. Жұмыс күндері жиналған ұйқы қарызын демалыс күндері ұзақ ұйықтау арқылы толық өтеу мүмкін емес. Сондықтан ұйқы режимін біртіндеп қалыпқа келтіру қажет.

Орлова дәрумендерді ағзада тапшылығы анықталмайынша өз бетінше қабылдамауға шақырды. Көптеген дәруменді адам тамақтан алады. Ал қоспаларды бақылаусыз қолдану вирустардан қосымша қорғаныс бермейді және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

Дәрігер күннің суытуын аз қимылдауға себеп етпеуге кеңес берді. Қозғалысты таза ауада серуендеу мен жай жүруден бастап, жүктемені біртіндеп арттыруға болады. Вирустық инфекциялар белсенді тарала бастағанға дейін дәрігер вакцина алу мәртебесін тексеріп, тұмауға қарсы екпені алдын ала салдыруды ұсынды.

Сонымен қатар сарымсақ, зімбір мен лимон вирусты жұқтырудан қорғамайтынын ескертті. Антибиотиктер вирустарға емес, бактерияларға қарсы әсер етеді. Маман қолды жиі жуып, бөлмені тұрақты түрде желдетудің де маңызын атап өтті.
13 қыркүйек 2026 ж. 19 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930