Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Туу туралы куәлігі қоса беріледі“: ІІМ күмәнді жарнаманы тексерді

“Туу туралы куәлігі қоса беріледі“: ІІМ күмәнді жарнаманы тексерді

“Туу туралы куәлігі қоса беріледі“: ІІМ күмәнді жарнаманы тексердіФото: depositphotos.com
Кейінгі кездері желіде сәбиден айнымайтын қуыршақтарды сату туралы хабарландырулар тарап, қазақстандықтарды алаңдата бастады. Кейбір хабарландыру иелеріне полиция да барған, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Желі қолданушылары "қуыршақ сатамыз" деген жарнамалардың тасасында бала саудасы жүруі мүмкін деп күдіктенген. Бұған хабарландырудағы түсініксіз сипаттамалар мен кей қуыршақтардың тым қымбат бағасы себеп болған.
Мәселен, мұндай қуыршақтардың бірі 500 мың теңгеге сатылымға қойылған.
Суретте қызғылт тоқылған киім мен мәсі киген, түрі нағыз сәбиге қатты ұқсайтын қуыршақ көрсетілген.
Threads скриншоты
Жұрттың күдігін баға ғана емес, тауарға берілген сипаттама да күшейткен. Кей хабарландыруларда ойыншық туралы "өте ақылды", "тілалғыш" деген секілді тосын сөздер жазылған.
Threads скриншоты
Тағы бір күмән туғызған жайт - қуыршақпен бірге туу туралы куәлік пен перзентханада тағылатын білезік берілетіні көрсетілген. Бұған қоса бөтелке, жөргек, емізік және түрлі әшекейлер де жиынтыққа кіретіні жазылған.

ІІМ не деп жауап берді?

Осы хабарландыруларға байланысты Tengrinews.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдаған.
Министрлік осындай хабарландырулардың бірін арнайы тексергенін мәлімдеді. Полиция жарнаманы кім жариялағанын анықтап, оның қандай жағдайда салынғанын зерделеген.
"Тексеру қорытындысында ойыншық не басқа тауар сату деген желеумен бала, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді саудалау деректері расталған жоқ", - деп хабарлады министрлік.
Бұдан кейін құқық қорғау органдары интернет кеңістігіне, әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларға да қосымша тексеру жүргізген.
"Осыған ұқсас өзге жарияланымдар да, мұндай әрекеттің болғанын растайтын басқа ақпарат та анықталған жоқ", - делінген ІІМ жауабында.
Полиция әлеуметтік желілер мен интернет-платформалардағы ақпаратты тұрақты бақылап отыратынын да атап өтті. Мұндағы мақсат - заңсыз әрекеттерді дер кезінде анықтау.
"Бала саудасы немесе адам саудасының басқа да түрлері болуы мүмкін деген әрбір хабар міндетті түрде заң талаптарына сай тексеріледі", - деп қосты ведомство.
Бұған дейін Павлодарда жаңа туған қызын 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел сотталған еді.

13 қыркүйек 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930