Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңбыр жауып, күн жылынады

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн жылынады

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" мамандары 15, 16 және 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейсе, басқа аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.

Жаңбыр мен найзағай қай жерлерде күтіледі?

Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды және жел күшейеді деп күтіледі.
16 қыркүйектен бастап батыс өңірлер батыс циклонының ықпалында болады. Онда жауын-шашын мен желдің күшеюі болжанады.
17 қыркүйекте кей аудандарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстікте күн жылынады

Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Күндіз елдің солтүстігі мен орталығында температура +20…+27 градусқа дейін жоғарылайды.
Сонымен қатар басқа өңірлерде температураның төмендеуі күтіледі:
  • батыста +19…+30 градусқа дейін;
  • шығыста +18…+25 градусқа дейін;
  • оңтүстік-шығыста +22…+28 градусқа дейін.

14 қыркүйек 2026 ж. 13 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930