“Қазгидромет“ үш қала тұрғындарына ескерту жасады
"Қазгидромет" ресми сайтында Алматы, Ақтөбе және Атырау тұрғындарына тағы да ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат дүйсенбіге арналған ауа сапасының болжамына қатысты.
"14 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі", - делінген хабарламада.
Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдайлар - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (штиль, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус жылы болады.
Ақтөбеде де күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын болжанбайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Күндіз ауа температурасы 22-24 градус жылы болады.
Атырауда күн ашық болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Күндіз ауа температурасы 30-32 градус жылы болады.










