Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұғымтал бала – ұлағатты ұстаздан

Ұғымтал бала – ұлағатты ұстаздан

Қазалы ауданындағы тоқсан жылға жуық тарихы бар іргелі ұжымның бірі – №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы». Бұл мекеме іргетасы 1935 жылы қаланып, Батыс Қазақстан теміржолына қарасты №92 балалар бақшасы болып ашылған. Ғимарат бір қабатты, көне типтік жобада салынған.
1977 жылы №92 балалар бақшасының атауы, №11 балалар бөбекжайы болып ауыстырылды. 1997 жылы балабақша Қазалы аудандық білім бөлімінің құрамына кірді. Осы жылдың қыркүйек айында бюджет тарапынан жабылып, оңтайландыруға байланысты Қазалы ауданы әкімінің шешіміне сәйкес балабақша меңгерушісі Күляш Абашева балабақшаны «Сенімді басқаруға» алып, жұмысын одан әрі жалғастырды. Үш топта 75 бала тәрбиеленіп, 15 қызметкерді жұмыспен қамтыды. 1998 жылдың 9 ақпанында балабақша жергілікті бюджет тарапынан №2 «Айгөлек» балалар бақшасы болып қайта ашылды. Қазіргі таңда балабақшада 6 топта 140 бала тәрбиеленуде. Меңгерушісі Анар Кеулімжай.
Балабақшада 54 қызметкер жұмыс жасайды, оның 30-ы педагог. Бүгінгі таңдағы заманауи өзгерістерге ілесіп, бүлдіршіндерді тәрбиелеуде білікті мамандар, шығармашыл педагогтар өз үлесін қосуда. 2010 жылы бөбекжай-балабақша базасында логопедтік пункт ашылды. Логопедтік пунктте арнайы мамандар дефектолог Ф.Әбен, логопед С.Тәжімбетова, психолог Т.Мүсірепова балалармен жұмыс жүргізеді.
Ұжымы мүшелері – шығармашылық, танымдық-зерттеушілік, зияткерлік қабілеттері дамыған, білуге құштар, ізденімпаз, бастамашыл, командада жұмыс жасйтын, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, өз елінің патриоты болатын жеке тұлғаны қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Балабақша педагогтары мен тәрбиеленушілері түрлі республикалық, облыстық, аудандық байқауларда биік деңгейде көрініп, жоғары дәрежелі марапаттарға ие болып жүр. Атап айтар болсақ, балабақша логопеді Сәндігүл Тәжімбетова қараша айында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында өткен «Ата-аналарға арналған үздік консультациялық пункт – 2022» облыстық байқауының аудандық кезеңінде І орын, облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді, Педагог-психолог Тоқсұлу Мүсірепова «Үздік педагог-психолог – 2021» байқауының аудандық кезеңінде «Ізденімпаз психолог» номинациясымен, ұйымдастырушы-педагог Есенкүл Рсалиева «Үздік іс-шара жоспары» облыстық сырттай фестивалінің аудандық кезеңіне қатысып, білім беру арттырудағы озық іс-тәжірибесімен бөліскені үшін аудандық білім бөлімінің ІІІ дәрежелі мақтау қағазымен марапатталды. Тәрбиеші Майра Әбіш А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық педагогикалық шығармашылық олимпиадасынан бірінші орын және диплом иеленді. Индира Сағитжанова «Қазіргі заманғы педагогикалық зерттеудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, біліктілігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен, Ләззат Сұлтанова «Ұстаз – ұлағатты тұлға» тақырыбында ұйымдастырылған аудандық бейнеролик байқауында І орын иеленді.
– Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, кабілетін ерте дамытады. Адам өміріңдегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шағы – балалық шағы. Ос сәтті есте қаларлықтай өткізу үшін ұжым мүшелері еңбек етіп келеді. Педаготер тәрбие берумен қатар өнер, білімге баулып, оларды сайыстарға қатыстырады. Баланың бойындағы табиғи бар дарындылықты жан-жақты дамытып, өзін көрсетуіне септігін тигізеді. Біздің бүлдіршіндер әрбір байқаудан құр алақан қайтқан емес, – дейді балабақша меңгерушісі Анар Кеулімжай.
Бұл ретте тәрбие берушілердің еңбегі оразан зор деген Анар Өтегенқызы балақайлар жеткен жетістіктермен бөлісті. Өткен жылы «Көркем сөз өнері» номинациясы бойынша балабақша тәрбиеленушісі Айлуна Кеңес «Жеті өнер» V Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсының дипломы және төсбелгісі, І орын лауреаты атанды. Жетекшісі «Жеті өнер» V Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсының дипломы, «Шығармашыл педагог» номинациясы және Құрмет грамотасын иеленді.
2022 жылы «Әнші болғым келеді» атты аудандық тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасында өткен сайыста тәрбиеленуші Аяна Мақсұт ІІІ орын алды. Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық байқауда тәрбиеленушілер Аяна Мақсұт, І дәрежелі лаурет дипломы және төсбелгі, Нұрасыл Сайн және Нұрай Асхатқызы ІІ дәрежелі лауреат дипломымен, төсбелгісімен марапатталды. Дінмұхаммед Нұғман «Наурыз-думан» атты республикалық байқауда ән-күй номинациясы бойынша ерекше өнер көрсеткені үшін «Кемел» өнер-білім орталығының І дәрежелі дипломын алды. Айлуна Кеңес «Мәнерлеп оқу» байқауына қатысып жүлделі І орынға ие болғаны үшін «Абырой» интеллектуалды білім порталының дипломын иеленді.
Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық байқауда шәкірттері жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін бүлдіршіндерді өнерге баулыған музыка жетекшісі Гүлнұр Құмарбаева «Дарын» шығармашылық орталығының дипломын иеленді. Бұдан бөлек Гүлнұр Берекетқызы «Наурыз – думан» республикалық байқауына дарынды шәкірт дайындағаны үшін «Кемел» өнер-білім орталығының дипломына қол жеткізді.
Тәрбиеленуші Нұрила Шанжархан «Наурыз – думан» байқауында көрсеткен ерекше өнері үшін «Кемел» өнер-білім орталығының ІІ дәрежелі дипломымен, дарынды шәкірт дайындағаны үшін жетекшісі Тоқсұлу Мүсірепова арнайы дипломын иеленді. Р.Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық балалар мен ересектер сайысында «Мың бұралған биші» номинациясы бойынша «Көңілді балдырғандар» тобы жүлделі ІІ орын иеленсе, «Dance star – 2022» І республикалық байкауында балғын бишілер Айкөркем Алтаева, Айеркем Алтаева І дәрежелі диплом иегері, «Қамажай» ІІ республикалық бишілер конкурсында кішкентай «Бишілер тобы» І дәрежелі диплом иеленді. Ал жетекшілері хореограф Мейрімгүл Абдраманова «Шығармашыл хореграф» атанды.
«Самғау» инновациялық білім беру орталығының ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу республикалық дарынды балалар байқауында тәрбиеленуші Мирас Әділхан І дәрежелі дипломмен, «Менің туған өлкем» сурет байқауында ерекше өнер көрсеткені үшін Гүлсая Балғымбай «Алғыс» хатпен марапатталды. Өнерлі өрендердің жетекшісі Ләззат Сұлтанова. «Бақытты балалық шақ» атты аудандық сурет салу байқауында Дарын Жеткерген ерекше өнер көрсеткен үшін аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Алғыс» хатын иеленді. Дарынның дарынын ашқан жетекшісі Гүлімхан Диханбаева. «Ертегілер әлемі» атты бүлдіршіндер арасында өткізілген аудандық фестивальдің ереже талаптарына сай бүлдіршіндер қатыстырып, жетекшілік жасағаны үшін «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекші Замзагүл Калилаева да арнайы марапат мінберінен көрінді.
Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Бұл орайда №2 «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасы талап үрдісінен шығып келеді. Ұрпақ тәбиелеудегі ұлағатты жолда бір кісідей біріккен ұжым мүшелері әлі талай өрелі ұл-қызды алтын ұясына шығарып салады деген сенімдеміз.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
05 қаңтар 2023 ж. 678 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930