Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бабаға тағзым –тағылымды іс

Бабаға тағзым –тағылымды іс

Қазыналы Қазалы өңірі – тамыры тереңде жатқан, көне дәуір шежіресі, мәдени мұралардың асыл көмбесі. Мәдени мұра бағдарламасы бойынша мемлекеттің қорғауына алынған аудан орталығынан 42 шақырым, Аранды ауылынан (батыс бөлігінде) 7-8 шақырымдай қашықтықта орналасқан тарихи жәдігерлердің бірі - Найзағұл қорымы. Найзағұл қорымы не себепті салынған, Найзағұл кім, халық арасындағы дәрежесі қандай?
Найзағұл Асанның Сырлыбай баласынан тараған Тілеу атаның Ізбас деген ұрпағынан тарайды. Найзағұл ата халқына жағымды, қайыры мол, әрі бай, әрі би болған. Атасы атақты Тілеу мырзаға ұқсап, мырза болған. Елді билеу үшін халық болыстыққа осы Найзағұл тұқымынан қалап ұсынады екен.
Найзағұлдан – Өтеулі, Өтепберген, Дәуқара, Мүсіреп, Мырза. Өтепбергеннен – Пана, Ідіріс, Пайыз, Панадан – Ақберген, Қаражан, Айтуған, Әділхан ұрпақтары тарайды. Қазіргі таңда өздері өмірден өтсе де, халық Пана Өтепбергенұлы, Ақберген Панаұлының айтқан, ұрпаққа қалдырған өнегелі сөздері мен өлеңдерін әлі айтып жүр. Ақын ұрпақтары өз дәуірінде ел арасында болыс болып сайланып, ел ішінде абыройлы азамат болған екен.
Найзағұл қорымы XX ғасырдың басындағы сәулет ескерткіштерінің бірі. Күйдірілген қыштан соғылған, ұзындығы бес метрдей, төбесі жабық, күмбез бен қабырғасы ою-өрнекпен өрнектеліп жасалған құрылысты Найзағұл ата көзінің тірісінде Қазақбай деген ұстаға салдырған екен.
Найзағұл ата қорымының бас ұстасы өзі болған. Себебі кесенені тұрғызған ұстаға бағыт-бағдар беріп отырған. Қазіргі кезде қорымның салынғанына шамамен 125-130 жылдай уақыт болса да, қорымның құрылысына пайдаланған кірпіштер сол күйінде сақталған. Бұдан қорымның сапасының жоғарылығын көруге болады. Биікте орналасқан, сыртының әр беті бір-біріне ұқсамайтын ерекшеленіп салынған қорымның іші 2 бөлмеден тұрады. Кезінде бөлмелердің ішкі жағы кілемшелермен қапталып, ою-өрнектермен безендіріліп, сырланған екен. Қорым көзі тірісінде салынғанына байланысты ертеректе мешіт рөлін атқарған. Ондағы пайдаланған заттар кәмпескелеу кезіне дейін болған деседі. Қорымның ішіне Найзағұл атаның әйелі мен бала-шағасы бәрі 17 адам жерленген. Кесененің төрт бұрышы мен кенерелеріне зақым келген.
2018 жылы Оңдалы Ниязовтың өтінішімен Найзағұл ата ұрпақтары Асанның Сырлыбайының баласы Мәметектің Тілеуге арнайы құлпытас қойған. Кесенеге күрделі жөндеу жүргізіп, қорымның басындағы тілеухананы заман талабына сай әрлеген. Жанына қос салып, айналасын темір қоршаумен қоршаған. Сонымен қатар Сражан Раманқұлқызының Өткелбай Шабақов баласы Шарапатқа айтқан ұсынысы бойынша Найзағұлдың бес баласының бірі Дәуқарадан туған төртінші ұлы Сералыдан тараған Махамеджан, Бірұстал, Тәңірберген және Махамеджан әйелі Райманың құлыптасы жаңартылады. Найзағұлдың ұлы Мырзаның балалары Раманқұл, Жұбатыр Әзберген және Әзбергеннің 18 жасында қыршын кеткен Айдын есімді қызына да көктасын қойып, Жанқожа баба мешітінде құран бағышталды.
Найзағұл ата өз заманында қандай болса, оның ұрпақтары да ата қанымен берілген игі істерімен үлгілі келе жатқан халықтың қалаулы, елдің елеулі азаматтары санатында. Осы жылдың қазан айында бабаға тағзым жасап, арнайы аудан орталығындағы мешітте ас берілді. Найзағұл балалары Өтеулі, Өтепберген Дәуқара Мүсіреп, Мырзаға құлпытас қойылды.
Әр жыл сайынғы Найзағұл ата ұрпақтарының баба рухына тағзым етіп, арнайы құран бағыштаудағы өнегелі істерінен кейінгі ұрпақ үлгі алары анық. Сондай игі істердің үздіксіз жүргізілуін өзіндік парыз санайтын тұлғаларды баба әруағы қолдап, тек жақсылықтың куәсі бола білейік.
Ақнұр МҰРАТҚЫЗЫ,
Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
12 желтоқсан 2023 ж. 273 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930