Жол қауіпсіздігі бойынша жұмысшы топ отырысы өтті
Облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналиновтің төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша ведомствоаралық жұмысшы топ отырысы өтті.
Жол қауіпсіздігі мәселесінің күрделілігін ескере отырып, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің жедел штаб отырысында өңірлерде ведомствоаралық жұмысшы топ құру тапсырылған болатын.Отырысты қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Облыстық полиция департаментіне автомобиль жолдарындағы қауіпті учаскелерді анықтап, кемшіліктерді жою және сол аумақтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды. Сонымен қатар мүдделі органдармен бірлесіп, қалаішілік және облысаралық бағытта жолаушылар тасымалдайтын тұлғаларды қатаң бақылауға алуы тиіс. Жол жүру ережелері талаптарының орындалуын бақылайтын рейдтік іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылғанда, жұмыс нәтиже бермек.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі