Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Парасат жолы» облыстық слеті өткізілмек

«Парасат жолы» облыстық слеті өткізілмек

Биыл облыста алғаш рет жас мемлекеттік қызметшілерді мәдени-көпшілік, интеллектуалдық және спорттық шараларға қатыстырып, нетворкинг алаңын құруға, қолдауға бағытталған «Парасат жолы» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында өткен шараларға мыңнан аса мемлекеттік қызметші белсенді қатысты.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас мемлекеттік қызметшілердің «Парасат жолы» облыстық слеті аясында Сыр еліне келген ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбілмен кездесіп, Қызылорда облысындағы мемлекеттік қызметшілерді қолдау, мемқызметтің әлеуетін арттыру шараларын талқылады.
Аймақ басшысы мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруда, тәжірибе, өзара пікір алмасу алаңына айналдыруда бұл шараның маңызы зор екенін атап өтті.
«Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, қызметтік өсуіне жағдай жасау ұдайы назарда. Биыл өңірде 96 мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтті, 697-сі біліктілік арттыру курстарында машығын жетілдірді. Өңірлік резервті қалыптастыру үшін құзыреттерді бағалауды жүзеге асыратын ассесмент қызметіне қажетті қаржы қаралуда. Аймақтағы мемлекеттік қызметшілердің Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім жетілдіруіне, академия түлектерінің ел дамуы жолында аянбай еңбек етуіне қолдау білдіруге дайынбыз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы облыс әкіміне көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да тиімді әріптестік орнатуға ниет білдірді.
Айта кетейік, Сыр өңірінде 3200-ден астам мемлекеттік қызметші түрлі салада еңбек етеді, 35 жасқа дейінгі 471 жас мемлекеттік қызметші бар. Олардың 20-сы – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, 3-еуі – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Өткен жылы Қызылорда облысында 9 мемлекеттік қызметші Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының грантын иеленсе, биыл 6 мемлекеттік қызметші академияда жаңа білім дағдыларын меңгеруде.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 желтоқсан 2023 ж. 167 0

Руханият

Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.
Жақсы сөз, жарым ырыс

Жақсы сөз, жарым ырыс

06 қаңтар 2024 ж.
Жетім қарт

Жетім қарт

26 желтоқсан 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
26272829