Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

Мемлекеттік қызметке орналасу жеңілдейді

Биыл мемлекеттік қызметшілердің саны 3 343 бірлікті құрады. Есепті кезеңде 18 қызметші мемлекеттік қызметтен кеткен. Ал жыл басынан бері жергілікті атқарушы органдардан 6 адам өз өтінішіне сәйкес жұмыстан босатылған. Сонымен қатар мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге 447 адам тестілеуге қатысып, оның 29,7 пайызы шекті мәннен өтті. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді.

– Биыл жергілікті атқарушы органдар бойынша 600 қызметшінің білімін жетілдіру жоспарланды. Қазіргі таңда қайта даярлаудан – 19, біліктілігін арттыру курстарынан – 88 мемлекеттік қызметші өтті. Сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңестің 3 отырысы өткізіліп, онда 20 мәселе қаралды. Нәтижесінде, 13-і тәртіптік іс бойынша шара қолданылды. Мемлекеттік қызметке жас мамандарды бейімдеуге бағытталған «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы қайта жанданатын болады. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметке тестілеу онлайн түрде жүргізілетін болады, – деді Ғалым Тұрсынбаев.
29 сәуір 2022 ж. 735 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 107

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930