Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмыстық зорлық-зомбылық – шаңырақтың күйретушісі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – шаңырақтың күйретушісі


1998 жылы 29 маусымда еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясына қосылды. Сөйтіп, өзіне Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің барлық түрінен қорғауға міндеттеме алды. 1999 жылы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентімен әйелдер және отбасы істері жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылды. Осыған сәйкес, Президенттің тікелей нұсқауымен 1999 жылы 19 ақпанда Ішкі істер министрлігінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлім құрылды. Бұл бөлімнің басты қызметі – әйелдердің конституциялық құқықтарын, заңды мүдделерін құқыққа қайшы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз ету, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту және жолдарын кесу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамды және оның абыройын қорғау жайлы қағида бар. Соған орай 17- бапта: «Ешкім зорлықты, азапты, басқа да қатаң адамның абыройына кір келтіретін қарым-қатынасты немесе жазаны шекпеуі тиіс» деп жазылған. Көптеген мемлекеттерде тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау бағытында заңдардар қабылданған. 2009 жылы желтоқсанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу әдістерін әрі қарай жетілдіру мақсатында дайындалған «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы күшіне енді. Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы қылмыстардың негізгі алдын алу шаралары әйелдерді қорғау екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Отбасындағы зорлық-зомбылық барлық әлеуметтік топтар мен ұлысқа, түрлі жас деңгейіне, қала мен ауылға бірдей дәрежеде қатысты. Бұл мәселе әйел мен ер адамның, үлкендер мен кішілердің отбасы құруындағы бірінші кезеңдерінде уақыт өте пайда болуы мүмкін. Тұрмыстық қарым-қатынас аясындағы қылмыстардың отбасындағы ұрыс-керіс, қызғаныштан туған жанжал мен бір-бірін түсінбеушілік, шиеленіскен қарым-қатынас, психикалық аурудың асқынуы, сонымен қатар, ішімдік пайдаланған жерде бой көтеретіні белгілі. Отбасы-тұрмыстық қатынас саласы бойынша келіп түскен өтініштердің 95 пайызында зардап шегуші – әйел адамдар. Әйелдерге қатысты зорлықтың шарттары мен себептерін ескере отырып, олардың алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Мәселен, әкімшілік жауапкершілікке тарту, қорғаныс нұсқамасын қабылдау, алдын алу сұхбаттарын жүргізу, уақытша панаға орналастыру және құқықтық сұрақтар бойынша кеңес беру.
Тұрмыстық зорлық зомбылық дегеніміз - отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқа адамға қатысты дене зардабын немесе психикалық зардап келтіретін құқыққа қайшы әрекеті. Жыл сайын көптеген әйел азаматшалар отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, олардың көбісі дер кезінде құқық қорғау органдарынан жәрдем алмайды, сондықтан да статискалық есепке алынбайды, денсаулық сақтау мекемелеріне көрініп, тіркелмейді. Отбасында орын алатын кикілжіңдер балалардың мен ересектердің денсаулықтарына кері әсер етеді, мектеп жасындағы балалардың сабақ үлгерімдері төмендеп, қоғамдық белсенділігі азайып, психикалық жағдайы нашарлайды.
Зорлық-зомбылық белгілері көрініс тапқан әрбір әрекетке тап болған адам, заң аясында қорғауда болады. Жәбірленушінің өтінішімен жәбір көрсетуші тұлғаға 30 тәулік мерзімге қорғау нұсқамасы қойылады, азамат бір ай көлемінде құқық қорғау қызметкерлерінің бақылауында болады.
Ерлі-зайыптылар, туысқандар, бірге тұратын адамдар арасында нәзік жандарға зорлық көрсетудің ең негізгі себебі – маскүнемдік болып табылады. Осындай жағдайларда жиі туындайтын бір мәселе бар. Ол – тұрмыста зорлық көрген әйелдер өзіне қол жұмсаған адаммен бір шаңырақтың астында тұрғылары келмейтіндігі. Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, жеке тұлғаның тәртібі арнайы талаптарды қажет еткен жағдайда, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен, әкімшілік құқық бұзған адамға зардап шегуші және оның отбасы мүшелерін қорғау үшін соттың, тұрмыстық зорлық көрсеткен адамға жеке үйде, пәтерде және басқа да панада зардап шегушімен бірге тұруға 30 күнге дейін тыйым салу құқығы бар. Ал, ақшасыз қаңғып қалғысы келмейтін әйелдердің дені қорқыныштан, болмаса, баспанасыз қалмауы үшін, түптеп келгенде, отбасы берекесін сақтап, балаларының болашағы үшін көбіне сол зорлыққа шыдауға бел байлайды. Ең бастысы жұбайларына материалды тәуелді болған нәзік жандар зорлық-зомбылыққа шыдайды. Зорлықтан зардап шегушілердің көбісі түрлі себептерге байланысты полицияға хабарласуға асықпайды. Бірі отбасы жағдайының төмендігін ойласа, енді бірі бұл қадамы онсыз да берекесі кеткен шаңырағын одан ары шайқалтып кетер деп қауіптенеді. Ал үшіншілері араздасудың ақыры ақшасыз қалдырар, далада қалармын деген күдікпен көмек сұрамайды. Осы мақсатта ӘЗЗҚТ инспекторлары заңнама бойынша тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуда мекеме және ұйымдармен кездесу жүргізеді. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алудағы тағы бір әдісі – тұрмысы төмен отбасылармен тұрмыстық-сауықтыру жұмыстарын атқару, отбасы институтын берік ұстау, отбасылық қатынас құндылықтарын, үздік салт- дәстүрлерін, тәрбие және жастардың отбасы құруын, отбасылық өмірге дайындық курстарын, отбасы психологиялық институттарын дамыту. Тұрмыстық зорлық мәселесі бұл қоғам мәселесі және барлық алдын алу субъектілерінің бірігіп жұмыс атқаруы арқасында ғана оң нәтиже көрсетеді.
Сауле БИШЕКОВА,
Қазалы АПб-і Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы
полиция капитаны
30 қараша 2023 ж. 248 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930