Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер жылы 16 заң жобасы әзірленеді - министр

Келер жылы 16 заң жобасы әзірленеді - министр

Әділет министрі Азамат Есқараев келесі жылы әзірленетін заң жобалары жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  
«Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Үкімет басшылығының тапсырмалары, стратегиялық құжаттар, мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде Үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасын дайындады. Жоспар жобасымен 2024 жылы цифрлық технологияларды, әлеуметтік саланы, зияткерлік меншік саласын, инновациялық қызметті, ғарыш саласын және басқа да салаларды дамыту сияқты өзекті бағыттар бойынша 16 заң жобасын әзірлеу көзделген», - деді ол.
Министр атағандай, жоспарланған 16 заң жобасының ішінен 2 Заң жобасы бұрын реттелмеген қоғамдық қатынастарды регламенттеуге бағытталады.
«Атап айтқанда, «Digital Bridge 2023» форумында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы әлемдік озық тәжірибеге жауап беретін, нарықтың қажеттіліктерін де, азаматтардың мүдделерін де ескеретін, заманауи құқықтық реттеуші базаны, оның ішінде Цифрлық кодекс жобасын да әзірлеу жөнінде ауқымды міндет қойды. Уақыт талаптарына сәйкес білім және ғылым саласын дамыту және университеттерді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы капитал қоры туралы Заң жобасын әзірлеу ұсынылады», - деді ол.

Фото: egemen.kz​​​
07 қараша 2023 ж. 166 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 58

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930