Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп асханаларын тексеру нәтижесі жарияланады

Мектеп асханаларын тексеру нәтижесі жарияланады

Бастауыш сынып оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақтың сапасына жөнді қарамай жүрген мектептер мәселесі министрлік деңгейінде қаралады. Бұл туралы Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды inform.kz
Айта кетейік, 2023-2024 жылғы оқу жылдарында елімізде бастауыш сыныпта оқитын 1,4 млн бала тегін тамақтанады. Алайда оқу жылының басында мектеп асханаларында балаларға арналған тамақтың сапасына қатысты ата-аналар шағым айта бастады.
«Еліміз аумағында ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін қадағалау бойынша тиісті топ тексеріп жатыр. Барлық өңірде 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақпен беруге қаражат толық бөлінген. Бірақ қоғамда оның сапасына және толықтай қамтуға қатысты сұрақтар қойыла бастады. Сондықтан мониторинг тобы осы кемшіліктерді анықтап, бұл саладағы мәселені министрліктің аппараттық кеңесінде қарастырамыз», - деді Ғ. Бейсембаев «ҚазАқпарат» тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, мониторинг тобының қадағалау жұмыстары 10 қазанда аяқталады.
«Кейбір аймақтарда талаптарды орындамаған жекелеген мектептер анықталып жатыр. Бұл тұрғыда оларға нақты шаралар қолданылады. Жергілікті әкімдіктерге мектеп асханаларының жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру мәселесіне қатысты хат жолдаймыз», - деді министр.
06 қазан 2023 ж. 208 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031