Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді!

«Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді!

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республика деңгейінде «Еңбек күні» мерекесін атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Әйтеке би кенттік клубында «Қазалы ауданының мансап орталығы» филиалы, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді.
Аталған шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, «Қазмамбетова Мая» жеке сот орындаушысы, Қазалы аудандық пробация қызметі, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Қазалы ауданындағы филиалы қызметкерлері қатыстырылып, түсіндірме жүргізілді.
Сонымен бірге «Рза» АҚ, «СПК Қызылорда балық» ЖШС-і және тб. жұмыс берушілерден 80 мекемеден 229 бос орындары ұсынылып, әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңке барысында 12 адам тұрақты жұмысқа және пробация қызметі есебіндегі 1 адам маусымдық жұмысқа жолданды.
Жәрмеңкеге жұмыссыз жастар, пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар, борышкерлер, аз қамтылған азаматтар және еңбекке жарамды мүгедектігі бар адамдар қатысты.
"Қазалы"ақпарат
28 қыркүйек 2023 ж. 535 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031