Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі

Жәрмеңкеге 8 мекемеден 112 бос жұмыс орындары келіп түскен. Сонымен қоса «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттары, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы, атаулы әлеуметтік көмектер жөнінде түсініктемелер берілді.
Жәрмеңкеге қатысушыларға жұмыспен қамту орталығының директоры Ғ.Темірбаев, Пробация қызметі бөлімінің басшысы, әділет подполковнигі Е.Сражатов, «Даму» жеке жұмыспен қамту агенттігінің директоры Б.Мнажатдинова және бөлім мамандарымен түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, консультациялар берілді.
Жәрмеңкеден кейін 3 азаматқа келіп түскен бос жұмыс орны бойынша жұмысқа жолдама беріліп, 2 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді.