Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы маусымда Қазақстанға 448 мың шетелдік турист келген

Жазғы маусымда Қазақстанға 448 мың шетелдік турист келген

Жыл соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деген болжам бар
eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді. Олардың 64,6%-ы – ерлер. Ал шетелдік қонақтардың басым бөлігі – 30-44 жас аралығындағылар, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігі.
"Жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деп болжануда",- деді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанаға 139 мыңнан астам турист келген. Ал екінші орында – Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.
Еліміздің батысы да шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.
Сондай-ақ Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген.
21 қыркүйек 2023 ж. 607 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30