Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай қаласына туристер көп келеді?

Қазақстанның қай қаласына туристер көп келеді?

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан қалаларының туристерге қызмет көрсету рейтингін жариялады, деп хабарлайды egemen.kz
Алматы, Астана және Шымкент қалалары орналастыру орындарында қызмет көрсетілген туристер санымен көш бастап тұр. 2022 жылы Қазақстанда орналастыру орындарының қызметтерін пайдаланған туристердің жалпы саны 7,3 млн адамға жетті. Бұл санның 45 пайыздан астамы үш мегаполиске тиесілі. Сонымен қатар, тек ішкі туристердің жалпы саны 8,6 млн адамды құрады.
Мәселен, Алматыда бұл көрсеткіш 1,8 млн адамға (417,4 мың — шетелдік туристер), Астанада — 1,2 млн-ға жуық адамға (238,5 мың шетелдік) жетті, ал Шымкентке 450 мыңға жуық демалушы (36,5 мың шетелдік) келген. Ішкі және сырттан кірген туристер ең аз аялдаған өңірлердің қатарына Ұлытау облысы кірді. Мұнда 25 мыңнан астам адам тоқтаған. Одан кейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары тұр. Аталған екі өңірдегі орналастыру қызметтерін 100 мың адам пайдаланған.
Айта кетейік, 2029 жылға дейін Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстандағы ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал сырттан келетін туристер санын 4 млн адамға дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін жақында қабылданған туристік саланы дамыту тұжырымдамасында нақты іс-шаралар көзделген.
27 сәуір 2023 ж. 391 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 153

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031