Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәукей мен Тасарық ауылындағы ағайынның ұсыныс - пікірлері тыңдалды

Кәукей мен Тасарық ауылындағы ағайынның ұсыныс - пікірлері тыңдалды

Бүгінгі аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындармен кездесуі шалғайда орналасқан елді мекендерге жалғасын тапты.
Аудан басшысы ең әуелі Қызылқұм ауылдық округі халқымен дидарласып, аудан көлеміндегі атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарды сөз етті. Оған қоса алдағы мақсат-міндеттермен бөлісіп, алыстағы ағайынның талап-тілектеріне құлақ түрді.
№225 орта мектептің ауласындағы кездесуде ауыл жұрты бірінші кезекте жол мәселесі екенін жеткізді. Сосын округ ішіндегі бірқатар көшелерге асфальт төселсе екен деген тілегін айтты.
Мұхтар Әуесұлы әрбір ұсыныс үнемі назарда болып, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынына тоқталды.
Бұдан кейін аудан басшысы елді мекендегі жаңадан бой көтеріп жатқан мәдениет ошағы мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысын көрді.
Округте құрылысы қарқынды жүріп жатқан 100 орындық клубқа жауапты мердігер – «SCS Инжиниринг» ЖШС. Ал жуырда ғана құрылысы басталған дәрігерлік амбулаторияға жауапты «Аман-Құрылыс» ЖШС.
Қос ғимараттың жұмысымен толық танысқан аудан әкімі құрылыс қарқынын жеделдетіп, сапасы қатаң бақылауда болу қажеттігін айтты. Оған қоса белгіленген уақыттан қалдырмай ел игілігіне беруді тапсырды.
Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Тасарық ауылдық округіне ат басын бұрды.
Аудан басшысы ең әуелі елді мекеннен салынып жатқан орталық саябақтың құрылысын көрді. Жүйелі жұмысты мердігер мекеме – «Сарым Құрылыс» ЖШС атқаруда.
Қазіргі таңда саябақтың брусчаткалары басылып, сахнасы тұрғызылып, сырты толық қоршалған. Ендігі әрлеп, сырлау жұмыстары қалып тұр. Бұдан бөлек, мұнда түнгі жарықшамдар жүргізіліп, көрермендерге арналған орындықтар қойылатын болады.
Тасарықтағы ағайынмен өткен кездесуде аудан басшысы оңтайлы шешімін тауып келе жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын да тыңдады.
Елді мекен жұрты жиында жолдың мәселесін көтеріп, түнгі жарықшамдар қажеттігін де жасырмады.
Мұхтар Әуесұлы көтерілген мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатындығын жеткізіп, жолдарын түсіндіріп өтті.
Аталған ауылдардағы басқосуда аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақовта сөз алып, ел-халық ауыз біршілікте болса түйіні тарқатылмайтын түйткіл болмайтынын жеткізді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
23 тамыз 2023 ж. 130 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30