Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауылдық округтерді аралады

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауылдық округтерді аралады

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың тұрғындарымен кездесуі Қарашеңгел мен Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінде жалғасты.
Жалаңтөс батыр ауылында өткен кездесуде Мұхтар Әуесұлы ауданымызда жыл басынан бері атқарылып келе жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді де тілге тиек етті.
Мұнан соң тұрғындар сөз алып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Нақтыласақ, елді мекен ішінде жол мәселесі көтерілді. Бұл жөнінде аудан басшысы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, барлығы кезең-кезеңімен шешім табатынын жеткізді.
Жиында ауыл ақсақалдары әрбір отбасындағы бала тәрбиесіне қатысты ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, округтегі атқарылып жатқан жұмыстарға алғыстарын айтып, батасын берді.
Айта кетейік, Қарашеңгел ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесуден соң аудан басшысы бірқатар ауыл тұрғындарын жеке-жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.
Ғ.Мұратбаев ауылдық округіндегі орталық саябақта өткен кездесуде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ел ішіндегі жүйелі жүріп жатқан жұмыстарды айтып, алдағы күннің еншісінде тұрған жоспарлармен де бөлісті. Сондай-ақ, ауыл халқының мұң-мұқтажын тыңдап, пікірлеріне құлақ асты.
Ауыл ақсақалдары Әйтеке би кенті мен округ арасындағы жолдың сапалы болуын әрі уақытылы аяқталуын сұрап отыр. Бұл жөнінде аудан басшысы жолдың ұдайы бақылауда болатынын және жуырда ғана өзі құрылыс басына арнайы барып, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктегенін жеткізді.
Сонымен қатар жиында тұрғындар тарапынан мал шаруашылығына қатысты сауалдар да қойылды. Сұрақтар бойынша аудан әкімі мен тиісті сала басшылары жан-жақты түсіндіріп берді.
23 мамыр 2023 ж. 532 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930