Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықпен кездесу жалғасып жатыр

Халықпен кездесу жалғасып жатыр

ҚР Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың ІІІ тоқсандағы халықпен кездесуі жалғасып жатыр.
Соған сәйкес бүгін аудан басшысы Аранды және Бозкөл ауылдық округтеріне арнайы барып, тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ түрді.
Кездесуде Мұхтар Әуесұлы жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын аудан басшысының назарына ұсынып, шешілу жолдарын сұрады. Атап айтар болсақ, көшелерді асфальттау, қатты отын мәселесі, аяқ су тапшылығы және «Әбдірейім» каналын қазуды жеткізді.
Халықтың көтеріп отырған түйткілдері орынды екенін айтқан Мұхтар Әуесұлы, ұсыныс-пікірлердің ескеріліп, барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ, «Әбдірейім» каналын қазу үшін тиісті жұмыстары жүргізілетінін де қоса кетті.
Аудан басшысының Қожабақы ауылына сапары кезінде жеке қабылдауға жазылып, сауал жолдағандар да болды. Қабылдауда кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және білім саласына қатысты сұрақтар жолданып, аталған бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.
Бұдан соңғы кездесу Бозкөл ауылдық округінің тұрғындарымен болды. Қ.Ерімбет атындағы №96 орта мектептің ауласында өткен кездесуде аудан басшысы жарты жылдықтағы жағымды жаңалықтармен бөлісіп, шешімін табатын жұмыстарға тоқталып, халық жолдаған сауалдарға да жауап берді.
Ашық аспан астындағы кездесуде округ жұрты көптен айтып келе жатқан балабақша жайын көтерді. Сонымен қатар, ауыл шетінен бұлақ қазу мәселесін де ортаға салды.
Мұхтар Әуесұлы тұрғындардың талап-тілегі ескерусіз қалмайтындығын, қажетті шаралар бірлесіп атқарылатындығын жеткізді. Сондай-ақ, айтылған ұсыныстарға байланысты жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Жиыннан соң аудан басшысы округтегі білім ошағының жаңа оқу жылына дайындығынан хабар алды. Оған қоса округте жаңадан бой көтеріп жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен де танысты. Құны – 400 млн.теңгеге жуық болатын нысанға жауапты мердігер мекеме – «Болашақ» ЖШС. Мамандармен кездескен аудан басшысы құрылысқа асқан жауапкершілікпен қарап, сапасына мән бере отырып, қазан айында ел игілігіне беру қажет екенін ескертті.
Айта кетейік, халықпен кездесулерге аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудандық мәслихат депутаттары Күншығар Әбілов пен Райымбек Бөлебаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов және бірқатар дербес бөлім мен мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
24 тамыз 2023 ж. 147 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930