Қазақстан ТМД-дағы ең қымбат ел атанды
Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 91-орынға ие болды, деп хабарлайды el.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өмір сүру құны рейтингісінде Қазақстан 91-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі – 25,4. Индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағаланады.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат мемлекеттік бірі атанды. Тізімде Армения – 57 орында, Беларусь – 98, Молдова 101, Ресей –110, Қырғызстан – 111, Әзербайжан – 119, Өзбекстан 125-орында тұр.
Алдыңғы орындарды Бермуд және Кайман аралдары, Сингапур, рейтингтің соңында Пәкістан тұр.
- Биыл шілденің қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14%-ға өсті. Биыл қаңтар–шілдеде бағаның өсуі (2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда) 17,2% болды.
- Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), Қарағанды және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (әрқайсысында 0,8%) тіркелді.
- Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (әрқайсысында 15,4%), ал ең азы Атырау облысында (11,8%) байқалды.
- Биыл қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша бағаның ең көп өсімі – Маңғыстау облысында (19,5%), ең азы – Алматы облысында (15,7%).
- Ай сайынғы динамика бойынша, азық-түлік тауарлары – 0,1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,7%, ақылы қызметтер – 1% қымбаттады.
- Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары – 13,5%, азық-түлік емес тауарлар – 15%, ақылы қызметтер – 13,6% қымбаттады.
- Қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы – 19%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы — 17,8%, ақылы қызметтердің бағасы 13,9% қымбаттады.
- Азық-түлік және алкогольсіз сусындар бір жылда 13,3% қымбаттады (бір айда өсім байқалмады).
- Киім және аяқ киім бір айда – 0,7%, бір жылда – 15,2%, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері бір айда – 1%, бір жылда – 14,9%;
- Денсаулық сақтау қызметтері бір айда – 1%, бір жылда – 17,5%; демалыс және мәдениет қызметтері бір айда – 3,6%, бір жылда –16%;
- Білім беру қызметтері бір айда – 0,2%, бір жылда – 13%;
- Мейрамханалар мен қонақүйлер бір айда – 0,5%, бір жылда – 15,3% қымбаттады.