Шырқа гитара...
Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, кенттік клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Шырқа гитара» атты гитара аспабында ойнаушылардың дәстүрлі байқауы өтті.
Оған 13-17 жас және 18 жастан жоғары талапкерлер қатысып, бақ сынады. Байқаудың шарты еркін тақырыпта гитара аспабының сүйемелдеуімен бір ән немесе шығарма орындау болды. Сайыс шымылдығын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шараның құрметті қонағы белгілі гитарист, мәденит саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан Шәкет Жәнәділов өз өнерін көрсетті.
Талапкерлердің өнерін ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, сазгер, музыкант Арман Әуез, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, сазгер, музыкант Кемеңгер Өтеп, П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледждің түлегі, Қазалы вокалды аспаптар ансамблінің гитарисі Ғасырбек Аралқан бағалады.
Жарыс нәтижесінде 13-17 жас бойынша бірінші орынды Қазалы қаласындағы М.Горкий атындағы №16 мектептің 10 сынып оқушысы Мирас Таңсықбай жеңіп алды. Лақалы ауылындағы №93 мектептің 10 сынып оқушысы Мағжан Нағашыбай екінші, Әйтеке би кентіндегі №170 мектептің 10 сынып оқушылары Сәдуақас Рамазан мен Ақнұр Темірбек үшінші орын иеленді.
18 жастан жоғары қатысушылар арасынан топ жарған Ақтан батыр ауылынан келген Дінислам Дидар болды. Оның өнері бірінші орынға лайықты деп танылды. Майдакөл ауылынан қатысқан Азамат Шәкетұлына екінші орын бұйырды. Үшінші орын иелгендер қатарында басықаралық Ғалымбек Сисенов, «Балдырған» балабақшасының муызкалық жетекшісі Роза Марат, №204 мектептің физика пәнінің мұғалімі Адай Арықбай бар.
«Көрермен көзайымы» номинациясымен Кәукейден келген Камшат Көбекова, Сарбұлақ ауылынан Ғабит Сүттібаев, арандылық Әділбек Қажығали марапатталды.
Ұ.ЕРБОЛҚЫЗЫ