Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 17 377 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды

Биыл 17 377 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды

Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалды.
Жыл басынан 3 326 тонна ет, 8 748 тонна сүт және 804 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осылайша, ет өндірісі 102,3 пайызға, сүт 101,3 пайызға және жұмыртқа өндірісі 92,5 пайызға орындалып отыр.
Аудан бойынша биыл барлығы 17 377 га ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріш – 6450 га, бақша – 1115 га, көкөніс – 950, картоп – 315 га, мал азықтық дақылдары – 6876 га.
Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты биік жерлерде орналасатын күріш егісінің көлемін қысқартып, әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді.
Нақтыласам, әртараптандыру бағыты бойынша жаздық бидай 81 га, арпа 52 га, картоп 15 га, көкөніс 50 га, бақша 65 га, сүрлемдік жүгері 15 га артық орналасты.
Cу тапшылығының алдын алу үшін осы жылы 3 дана көтерме насос сатып алынды. Шаруашылықтар ауылдық округ әкімдерінің теңгерімінде 25 дана су сорғылары (су насосы) жұмыс жасауда.
#Брифинг
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат 
03 тамыз 2023 ж. 436 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 227

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 126

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031