Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Блогерлік арқылы ақша тауып отырғандар салық төлейді. Оны кім реттеп, бақылайды?

Блогерлік арқылы ақша тауып отырғандар салық төлейді. Оны кім реттеп, бақылайды?

10 шілдеде Президент "Интернет-алаңдар және интернет-жарнамалар туралы" заңға қол қойған болатын. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері заң қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. 
Комитет мәліметінше, жарнамамен айналысатын блогерлер арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес. 
"Салық заңнамасында бюджетпен есеп айырысуда салық салудың арнаулы салық режимін қолдану үшін шектеулер белгіленген. Олардың бірі - маркетингтік қызметтерді жүзеге асыру. Маркетинг ұғымына өнімді дамыту және тиісінше жарнама кіреді. Тиісінше, жарнамамен айналысатын блогерлер арнаулы салық режимін қолдануға құқылы емес. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері үшін кірісінің 3 пайыз мөлшерлемесі белгіленген", - дейді комитет өкілдері Massaget.kz тілшісінің сұрақтарына берген жауабында.
Блогерлер үшін салық салу тәртібінің арнайы тетігі қарастырылмаған.
"Бұл мәселеде адалдық қағидатына сүйену керек. Жалпы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды төлеу әркімнің азаматтық борышы және міндеті. Әрбір азамат салықтардың арқасында мемлекет қоғамның әлеуметтік қажеттіліктерін (мектептер, ауруханалар, жолдар салынуда) төлейтінін түсінуі керек", - дейді комитет өкілдері. 
Осы заң жайлы блогерлерге ескерту жасалды ма? Ведомство өкілдері жауап берді. 
"Қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Әзірлеушіге, яғни Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, оны БАҚ-та ресми жариялау және жарыққа шығару міндеті жүктелген", - делінген ресми жауапта. 
Сондай-ақ Президент қол қойған заңның орындалуын кім қадағалайтыны белгілі болды 
"Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік реттеу мен бақылауды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырады. Сонымен қатар, жарнаманы жүзеге асырудан түсетін кірістер салық салынатын базаға енгізіледі", - деп түсіндірді комитеттегілер.
Блогерлерге жарнама жазбасы үшін салық салған дұрыс па?
Заңға инфлюенсер (блогер) - онлайн-платформада тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы ұғымы енгізілген. Қазіргі уақытта инфлюенсерлерге қатысты бақылау салық органдарында тіркеу және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану арқылы кірістердің төмендеуін анықтау бойынша жалпы камералдық бақылау шеңберінде жүргізіледі.
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарды анықтау үшін қажетті құралдары бар. Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлердің көпшілігі білімді, азаматтық борышы жоғары, өздерінің шынайы әрекеттерімен адал салық төлеушілер ретінде басқа азаматтарға адалдық қағидатын ұстануға, адал салық төлеуші болуға ықпал етуі мүмкін деп санайды", - дейді комитет өкілдері.
Еске салайық, 10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын. Заң БАҚ-та ресми жарияланғаннан кейін 60 күн ішінде күшіне енеді. 




27 шілде 2023 ж. 329 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930