Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлер салық пен әлеуметтік төлемдер мерзімін жиі шатастырады

Кәсіпкерлер салық пен әлеуметтік төлемдер мерзімін жиі шатастырады

Әлеуметтік төлемдер ай сайын төленуі шарт. Көп жағдайда кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимімен жұмыс жасап, салықтары мен әлеуметтік төлемдерін төлеу мерзімдерінен қателесіп жатады. Ал бұл өз кезегінде өсімпұлдың есептелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу мерзімдеріне қатысты түсіндірме берді, деп жазды inbusiness.kz.
"Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 688-бабына сәйкес, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органдарына оңайлатылған декларацияны (910-нысан) есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тапсырады. Негізі, салық кезеңі жартыжыл болып табылады. Осыған сәйкес салық есептілігін ұсынумен қатар есептелген әлеуметтік төлемдерді жарты жылда бір рет төлеу деректері жиі орын алып отыр. Ал бұл өз кезегінде қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бұзу болып табылады, – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті. "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңдарына сәйкес әлеуметтік төлемдер табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей төленеді. Яғни, әлеуметтік төлемдер ай сайын төленуі шарт. "Тиісінше, әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлемегені үшін әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі және банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеліп соғады", – деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша МКД. Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер департаменті есептелген әлеуметтік төлемдерді мерзімінде төлеп отыру керегін ескертті.


21 ақпан 2022 ж. 591 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 32

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 66

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 107

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 59

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 59

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031