Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен кей балалар туа сала қатерлі ісікке шалдығады?

Неліктен кей балалар туа сала қатерлі ісікке шалдығады?

Қазір адамзат қатерлі ісік факторлары жайлы біраз нәрсе біледі. Дұрыс емес тамақтану, алкоголь ішу, темекі тарту және қозғалмау адам денсаулығына жағымсыз әсер етеді. Алайда зиянды әдеттер жасап үлгермеген кішкентай балаларда да қатерлі ісік пайда болып жатады. Балалардағы қатерлі ісік жайлы не білу керек? Doctorpiter порталына балалар онкологы Анна Елфимова жауап берді.
Себепсіз бұзылған гендер
Маманның айтуынша, кей балалар туа сала қатерлі ісікке шалдығады.
"Біздің ағзамызда үнемі өсім мен жасушалар бөлінуі болады. Бұл процестер күрделі биологиялық механизмдермен реттеледі. Белгілі бір сәтте қалыптасқан жүйе істен шығып, бақылаусыз өсетін және бөлінетін жасушалар пайда болады. Бұл процесс мутациялармен іске асады. Мутациялар сыртқы орта факторларының әсерінен және себепсіз пайда болуы мүмкін", - дейді ол.
Жиі мұндай аномальді жасушаларды иммунитет анықтап, ол жойылады. Алайда қатерлі жасушалар одан "қаша алатын" және тірі қалып әрі қарай дамуға мүмкіндік беретін басқа да қабілеттерге ие.
Балаларда қатерлі жасушалардың түзілуіне тұқымқуалаушылық бейімділік те әсер етеді. Балалардағы шамамен 10% онкологиялық аурулар туа біткен синдроммен және аурумен байланысты.
Балаларда қандай қатерлі ісіктер болады?
Балалардағы онкологиялық аурулар ересектердегіден бөлек. Балалар қан жүйесі қатерлі ауруларымен жиі ауырады: аққандылық (лейкоз) және лимфома (лимфалық жүйені зақымдайды). Екінші орында - ми мен жұлын қатерлі ісігі. Сондай-ақ, балаларда нефробластома (бүйрек қатерлі ісігі), нейробластома (симпатикалық жүйке жүйесінің жасушаларынан пайда болады) және сүйектер қатерлі ісігі жиі кездеседі.
Қауіп-қатерді азайтуға бола ма?
Қауіп-қатерді азайту үшін ата-ана не істей алады? Дәрігердің айтуынша, өкінішке қарай, мүмкіндіктер өте аз. Себебі балалардағы онкологиялық ауруларға сыртқы факторлар әсер ете қоймайды.
Егер балада немесе отбасыда тұқымқуалайтын ауру және синдром анықталса және ол қатерлі ісік дамуына әкелуі мүмкін болса, генетикалық консультация алу керек.
Кей жұқпалар балаларда және ересектерде қатерлі ісік даму қаупін арттырады, сондықтан вакцина алу маңызды.
Жүкітілік кезінде темекі тарту, алкоголь ішу және психикалық белсенді заттар қолдану мен балада онкологиялық ауру дамуының, сондай-ақ баланың туа біткен аурумен дүниеге келуінің арасында байланыс бар екенін дәлелдеген зерттеулер бар. Сондықтан жүктілік кезінде және бала емізгенде бұл әдеттерден алшақ болған жөн.
Әдетте, ерте жаста баладағы онкологиялық ауруды скрининг көмегімен анықтау мүмкін емес. Өкінішке қарай, қан анализі де, компьютерлік томография да ерте диагноз қоюға көмектеспейді.
Балалардағы онкологиялық аурудың белгілерін басқа аурулар белгілерімен шатастырып алу оңай. Олардың өзіне тән ерекше белгілері жоқ. Алайда мына белгілер байқалса, міндетті түрде баланы дәрігерге көрсету керек:
  • жоғары температураның себепсіз әрі ұзақ уақыт болуы;
  • денеде көп көгерген жерлер мен бөртпелердің пайда болуы;
  • дене массасының жоғалуы, себепсіз дене массасының тоқтап қалуы;
  • бұрын белсенді болған баладағы әлсіздік, сүйектерінің және буындарының ауыруы;
  • бас ауруы.
Бұл белгілер балада міндетті түрде онкологиялық аурулар бар екенін білдірмейді, бірақ бұл дәрігер бақылауын қажет етеді.
24 маусым 2023 ж. 359 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930