Қазақстанда ер адамдар қатерлі ісіктің қандай түрлеріне жиі шалдығады?
Қазақстанда ерлер қандай қатерлі ісікпен жиі ауыратыны белгілі болды, - деп хабарлайды massaget.kz Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Статистика
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, онкологиямен планетамыздағы әр бесінші тұрғын қиналады.
"2022 жылы қауіпті жаңа түзілімнен 13 037 адам қайтыс болды, олардың ішінде 6887 ер адам және 6150 әйел. Өлім-жітімнің құрылымы бойынша, өкпе қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі және сүт безі қатерлі ісігі алғашқы орындарда", - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Tengri Life тілшісіне.
Министрлік мәлдіметтері бойынша, жыл сайын елімізде 37 мың адам қатерлі ісікпен ауырады, қазіргі таңда 200 мыңнан аса қазақстандық есепте тұр.
Қазақстанда ер адамдар арасында кең тараған қатерлі ісік түрлері
Ерлер арасында кең тараған қатерлі ісік түрлеріне мыналар жатады:
өкпе қатерлі ісігі;
асқазан қатерлі ісігі;
простата қатерлі ісігі.
Қатерлі ісік ауруларының көп үлесі жас бойынша қатынасы мынадай болады: 55-59 жас - 11,7 пайыз, 60-64 жас - 17 пайыз, 65-70 жас - 16,3 пайыз, 71-75 лет - 14,2 пайыз.
Өкпе қатерлі ісігінің алғашқы белгілері
Сіз темекі тартпасаңыз да, қауіп тобында болуыңыз мүмкін: бұл ауру жиі үлкен қала тұрғындарында, жуушы құралдарды жиі қолданатындарда, демікпе және басқа да өкпе аурулары бар адамдарда кездеседі.
Өкпе ауруының алғашқы белгілері әдетте түсініксіз және айқын емес болады, ал олардың пайда болуы онкологиялық аурулардың даму стадиясына тікелей әсер етеді. Алғашқы белгілердің пайда болуына дейін қатерлі ісік жылдар бойы өсе беруі мүмкін. Сондықтан жыл сайын флюорографияға түсу керек немесе рентгенограмма жасау керек.
Өкпе қатерлі ісігінің кең тараған белгілеріне мыналар жатады:
жөтел, кейде ол емдегенге кетпейді;
айқын белгілерсіз пайда болатын өкпе қабынуы;
кеуде тұсының әлсін-әлсін ауыруы;
дене температурасының көтерілуі;
демікпе;
тәбеттің жоғалуы және салмақ тастау;
шаршай беру.
Өкпе қатерлі ісігі кезінде қақырыққа қан араласып шығуы мүмкін. Өкпе қатерлі ісігі жылдам метастаздалады, ол жұту және сөйлеу кезінде қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін. Өкпе қатерлі ісігінің кең тараған белгілеріне кенеттен пайда болған қарлыққан дауыс, қиын жұтыну, беттің және мойын тұсының ісіп кетуі жатады.
Дәрігер өкпе қатерлі ісігінің төрт белгісін атады
Простата қатерлі ісігінің алғашқы белгілері
Қазіргі таңда ғалымдар қуыс асты безі қатерлі ісігінің не үшін пайда болатынына қатысты бір шешімге келген жоқ, алайда оның дамуына бірнеше фактор әсер етеді:
жас: ер адамның жасы үлкен болған сайын қатерлі ісіктің даму қаупі де жоғары болады;
тұқымқуалаушылық: простата қатерлі ісігімен ауырған туысы бар ер адамдар да да онымен ауырып қалу қаупі жоғары;
тамақтану ерекшелігі: жануар майларын көп жеу қатерлі ісіктің пайда болуына ықпал етеді;
темекі тарту және басқа да зиянды әдеттер: темекі түтінінде болатын кадмий простата қатерлі ісігінің дамуына әсер етеді.
Әдетте, оның бастапқы стадиясында ешқандай белгілер болмайды. Айқын белгілер болмаған кездегі жалғыз белгі - қандағы ПСА деңгейінің артуы. Қатерлі ісік үлкейіп кетсе және зәр шығару каналына өсіп кетсе, мынадай белгілер байқалуы мүмкін: зәр шығарғанда қиналу, зәр шығарудың жиіленіп кетуі, зәрді ұстай алмау.
Простатитке массаж қолдану дұрыс па?
Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы белгілері
Асқазанның қатерлі ісіктерінің ерекшелігі - олардың метастазға бейімділігі. Екінші ошақтар лимфа түйіндерінде, асқазан-ішек жолдарының басқа бөліктерінде, өкпеде кездеседі. Олар әртүрлі дисфункцияларды және ішкі қан кетуді тудырады.
Асқазан қатерлі ісігі бастапқы кезеңде байқалмайды, өйткені аурудың белгілері асқазанның жоғарғы бөлігіндегі жағымсыз сезім түрінде білінеді, сондықтан оны асқазан-ішек жолдарының басқа ауруларымен шатастырып алу оңай.
Аурудың көрінісі әдетте оның 2-ші, 3-ші стадиясында байқалады. Осы уақыт ішінде келесі белгілер пайда болуы мүмкін:
қыжыл;
кекіру;
тамақтанғаннан кейін ауырлық сезу;
кей өнімдерден жиіркену;
жүрек айну;
тәбеттің түсуі;
әлсіздік;
жылдам шаршап қалу;
себепсіз салмақ тастау.
Қатерлі ісіктің пайда боулына күйзеліс, улану, дәрілер ішу, дұрыс тамақтанбау әсер етуі мүмкін.