Жолға қандай тамақ алып шыққан дұрыс?
Жаз – демалыс ұйымдастырып, сапарға шығатын мезгіл. Жеке көлігіңізбен, пойызбен немесе автобуспен сапарға шықсаңыз, жолға қандай азық-түлік түрлерін алған дұрыс? Бүгінгі тақырыбымыз осы жайлы болмақ.
Жолға азық-түлік дайындаған кезде сапардың ұзақтығына және қатынайтын көлігіңізге назар аударғаныңыз жөн. Тізімді алдын ала ойластырып, дайындаған дұрыс.
Жалпы ұсыныстар
Жолға арналған тамақ бірнеше ережелерге сәйкес келуі керек:
• ыстық қана емес, суық күйінде де дәмді болатын;
• қатты иіс жоқ;
• кез келген жағдайда ұзақ уақыт сақталатын;
• тойымды;
• киім мен қолды былғамайтын;
• жеуге ыңғайлы.
Автобуспен жолға шыққанда қандай тамақ алу керек?
Егер автобуспен жолға шықсаңыз, ас қорытуда қиындық тудырмайтын жеңіл тағамдар алыңыз. Мысалы, туралған көкөністер мен жемістер. Жұмсақ көкөністер мен жемістерден бас тартып, қияр, банан, алма мен алмұрт алып шыққан дұрыс. Жаңғақтар мен кептірілген жемістер де болады.
Нан алудың қажеті жоқ, оны кептірілген нан (хлебцы) немесе крекермен алмастырыңыз. Ет пен ірімшіктің міндетті түрде қатты сортын, мейлінше вакуумдық пакеттерде алыңыз. Піскен жұмыртқа да пайдалы. Сондай-ақ жолға қабығымен пісірілген картопты да алуға болады.
Пойызда не жеген дұрыс?
Егер ұзақ уақытқа пойызбен жолға шықсаңыз, тоңазытқыш болмаған жағдайда азық-түліктердің қанша уақыт сақталатынына мән беріңіз.
Пойызда ең қолайлы азық-түліктер:
• ерітілген немесе қатты ірімшік;
• піскен немесе қуырылған тауық;
• жақсы дайындалған ет;
• шала қақталған шұжық;
• піскен жұмыртқа;
• консервілер;
• тез ерігіш ботқалар;
• кептірілген жемістер;
• көкөністер мен жеміс-жидектер;
• печенье мен пірәндік.
Сүт және ашытылған сүт өнімдерінен бас тартқан дұрыс. Ол тез бұзылады, ішектің бұзылуына және дисбактериозға әкелуі мүмкін. Тамақ ұзақ сақталуы үшін оны термопакетке салған жөн.
Автокөлікпен жолға шыққанда қандай азық-түлік алған абзал?
Егер көлікпен ұзақ уақытқа жолға шықсаңыз, сізге төмендегі азық-түліктер мен тағамдарды ұсынамыз:
• піскен ет;
• ірімшік, фарш және сары май қосылмаған макарон;
• піскен жұмыртқа мен картоп;
• жеке қапталған паштет;
• лаваш;
• маффин, джеммен де болады;
• жемістер, көкөністер;
• жаңғақтар, қептірілген жемістер.
Тамақтарды сақтау мерзімі ұзақ емес екенін естен шығармаңыз. Тіпті, термоқорапта оларды бір тәуліктен ұзақ сақтауға болмайды. Сондықтан, сапарыңыз ұзақ болса, автокөлікке арналған тоңазытқыш алған дұрыс.
Ыстық күнде тез бұзылмайтын тамақтар қандай?
Ыстық күнде сапарға шыққанда, тамақтың түрін ғана емес, оларды қалай сақтау керектігін де білу керек. Жазда тамақтың тез бұзылатыны белгілі. Пакеттің орнына қағаз немесе мата, болмаса вакуумдық ыдыс қолданған жөн.
Ең қолайлысы:
• жақсы піскен, көмештелген немесе қуырылған ет;
• майонез, кетчуп және май қосылмаған бутерброд;
• кептірілген нан (хлебцы), печенье;
• қатты көкөністер мен жемістер;
• жаңғақтар мен кептірілген жемістер;
• жеткілікті су қоры.
Жолда баланы қалай тамақтандыру керек?
Баламен жолға шыққанда төмендегі азық-түліктер өте пайдалы:
• ерігіш сүтті немесе сүтсіз ботқалар;
• еттен, көкөністерден және жемістерден жасалған езбе;
• көкөністер мен жемістер – сәбіз, қияр, алмұрт, алма;
• печенье және кепкен тоқаштар.
Бастысы, жолға шыққанда балаға өзі жеп үйренген азық-түлікті алып шығу керек.
Жартылай дайындалған өнімдер
Жоғарыда аталған азық-түліктермен бірге, қосымша ретінде тез дайындалатын тамақтарды да алуға болады:
• кеспе;
• картоп езбесі;
• сорпа;
• ботқа.
Жолда тамақтану үшін, бұл өнімдерді пакетте емес, картон немесе пластик қораптарында алған дұрыс.
Жалпы, жолға тамақ алып шыққанда баяғы ата-бабаларымыздың тәжірибесіне де сүйенуге болады.
Мысалы, жолда кептірілген немесе қақталған еттің, сондай-ақ құрттың пайдасы мол. Ежелгі көшпенділер бұл өнімдерді жақсы бағалаған. Олар ұзақ уақыт сақталады және өте тойымды. Сонымен қатар, құрт қатты ыстықта ағзадағы тұздың үлесін сақтауға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, жолға бал алған артық болмайды. Ол кез-келген температурада бұзылмайды және көп энергия береді. Мәселен, қоғамнан бөлек тұрған алғашқы христиан монахтарының бірі өмір бойы тек балмен және сумен қоректеніп, 100 жылдан астам өмір сүргені туралы тарихи мәліметтер кездеседі.
Сондай-ақ жолда тамақтанудың тәртібін де сақтаған маңызды. Басқаларға қарағанда тез бұзылатындықтан бутерброд, сондай-ақ ірімшік, ет және тауық еті бар тағамдарды бірінші жеу керек. Тағамның бәрін дәл сапарға шығар алдында дайындаған дұрыс, сонда олар ұзақ уақыт бойы балғын және дәмді болады.