Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі


Қосымша тамақ беруді бала 6 айға толған кезде бастау керек. Баланың өсіп, белсендірек болуы үшін оның толық тағамға деген және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалғыз ана сүті жеткіліксіз. Сондай-ақ темір, А дәрумені және басқа да қоректік заттардың көлемі 6 айдан кейін баланың бойының жақсы өсуі және дамуы үшін жеткіліксіз болады. Тек ана сүтінен алатын энергияның, темірдің және басқа ауыстыруға келмейтін нәрлі заттардың арасындағы айырмашылықтардың орнын толтыру және өсіп келе жатқан ағзаға қажетті алиментарлық мұқтаждықтарды өтеу үшін қосымша тамақ беру қажет.
Баланың тамағы үшін дұрыс таңдалып алынған азық-түліктерді уақытылы беру емшектегі балалар мен ерте жастағы балалардың денсаулығын нығайтуға,тағамның мәртебесін жақсартуға және денесінің дамуына ықпал етеді.Талаптарға сай келмейтін тағам бала ағзасына нәрлі заттардың жеткіліксіз түсуіне ықпал етеді.
Бүкіл тамақ беру кезеңі ішінде ана сүтімен емізу жалғаса береді. Кем дегенде тәулігіне 6 рет. Ана сүтімен емізуді жалғастыра отырып, онымен бір мезгілде тамақ беру өзінің құрамы, дәмі, иісі және сыртқы түрі жағынан алуан түрлі тағам өнімдерін беру үдерісінен тұруға тиіс. Қосымша тамақ беру кезінде мынадай талаптарға мән берген жөн.
Біріншіден, қосымша тамақты дер кезінде баланың 6 айлығынан бастап енгізу қажет. Реттілігі бойынша жеуге жеткілікті тағам болуы шарт. 6 айдан - 1жасқа дейінгі бала 3рет қосымша тамақ+ана сүтімен 24 сағат бойында кемінде 6 рет емізген дұрыс. 1жастан -2 жасқа дейін 3 негізгі қосымша тамақ алу+2нәрлі ауыз тию+ана сүтімен емізуді жалғастыру қажет.
Құнарлық құндылығы талапқа сәйкес болуы керек. Қосымша тамақтың тағамы әртүрлі болуы тиіс. Мысалы ет пен балық, түрлі жарма, көкөніс пен жеміс, жұмыртқа, бұршақтар, үгітілген жаңғақ, сүт өнімдері. Сондай-ақ тамақтың қоюлығы жеткілікті болуы тиіс (салынған қасық баяу батады) және оны байыту үшін 1 шай қасық өсімдік не сиыр майын, не үй қаймағын қосу керек.
Ең бастысы – таза қол, таза ыдыс, таза су, тамақтың дұрыс сақталуы – қауіпсіздіктің кепілі. Қосымша тамақ үшін ұсынылатын азық-түліктерге-ет, балық, бауыр, көкөністер, жемістер, бұршақ тұқымдастар жатады. Әр тамақтандырған сайын тамақ алуан түрлі болуы керек. Алдымен жарма тағамдары (күріш,қарақұмық) немесе көкөніс езбесі (пісірілген картоптан, сәбізден, шалқаннан, қырыққабаттан), банан, алма, алмұрт, шабдалы езбе түрінде жемістер, одан кейін майсыз ет түрлерінен езбе ретінде ет, бұршақ тұқымдастардан (қабығы алынып, әбден пісірілген) езбе беріледі.
Тамақтың көлемін бірте-бірте көбейте отырып, екі шай қасықтан бастау керек. Баланың жаңа дәмге үйренуіне уақыт беру керек. Балаға бірінші рет берілетін тамақтың жылы, өте жұмсақ, әбден езілген, ешбір түйірсіз, езбе деңгейіне жеткізілген және қою болмауы қажеттігін ұмытпаңыз. Бұл жастағы балаға қант, бал, тамаққа тұз бен дәмдеуіштер қосуға болмайды.
Тамақпен бірге бала сұйықтықтарды да (су,жеміс шырынын) қабылдауға тиіс, оны бала емізік кигізілген бөтелкемен емес, қасықпен немесе балаға арналған арнайы ыдыспен ішу керек.
Мөлдір ҮРТЕКОВА.
07 сәуір 2023 ж. 370 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930