Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір мектепте жеті жылдан аса директор болғандардың барлығы тексеріледі

Қазақстанда бір мектепте жеті жылдан аса директор болғандардың барлығы тексеріледі

Қазақстанда бір қызметті жеті жылдан аса атқарып отырғандардың бәрі тексеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысында білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәлелері бойынша жиналыс өткізген министр, енді бір қызметте 7 жылдан аса отырған директорлар түгелдей тексерілетінін айтты. Өйткені бір қызметте ұзақ жылдар бойы отыру жемқорлық тәуекелдерін арттыратын көрінеді.
“Оқу-ағарту министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын қаржыландырудағы коррупциялық тәуекелдерге сараптама жүргізуде. Мұндағы алдын ала алынған мәліметтер бойынша конкурс рәсімдерінде, жұмысқа орналасуда, балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауда, сондай-ақ ұйым директорларының ұзақ уақыт бір қызметте отыруында сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екені белгілі болды. Лауазымды бір қызметті жеті жылдан аса уақыт кезеңінде атқарып келе жатқан басшылардың барлығын тексеру туралы шешім қабылданды", - деді Ғани Бейсембаев.
Сонымен қатар білім беру ұйымдарының директорларын тағайындау рәсімдерінің жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында министрлікте жоғары білікті мұғалімдердің базасы мен мектеп директорларының кадрлық резерві қалыптастырылмақ.
“Білім беру қызметінің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарап, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша кешенді жұмыс жүргізу керек. Әрбір директор мен бухгалтердің қызметтегі мінез-құлқы, пайдакүнемдік мүддесінің болуы мұқият зерттелуі қажет. Облыстық білім басқармалары басшыларының жұмысы да осы көрсеткіштер бойынша бағаланатын болады", - деді министр.
19 мамыр 2023 ж. 226 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930