1 шілдеден бастап жәбірленуші арызданбаса да, полиция із қозғайды – ІІМ
1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары арызданбаса да, полиция іс қозғайды, деп хабарлайды baq.kz.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева мәлімдеді.
Айтуынша, полиция тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеуді өтініш беру сипатынан анықтау сипатына ауыстырады.
Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді. Яғни тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау фактісі бойынша іс қозғайды. Хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіш жазбалары жеткілікті болады. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталады. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы татуласуға байланысты сотта тоқтатылады, - деп атап өтті аға инспектор.
Белгілі болғандай, мұндай жағдайлар көбіне агрессордың, оның туыстарының сендіруі немесе қысымымен орын алады.
Мәселен, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 5 мың фактісі осы негіздер бойынша тоқтатылды. Енді 1 шілдеден бастап сотта бір рет қана татуласуға мүмкін болады. Бұл психологиялық қысымнан туындайтын зардап шеккендерге қатысты қатал әрекеттерді тоқтатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейді, - деді Ақмарал Серікбаева.