Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді

3 мыңнан астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдалану қажет. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Үкіметтік емес ұйымдар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына баспана береді, құқықтық, медициналық, әлеуметтік, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетеді. Бүгінгі таңда 49 дағдарыс орталығы полициямен өзара әрекеттеседі, олардың 39-да жәбірленушілерді уақытша тұратын баспанамен қамту мүмкіндігі бар», – деді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары. Алексей Милюктің мәлімдеуінше, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін пайдалануға тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өз беттерінше немесе полиция қызметкерлерінің көмегімен жүгіне алады. «Биыл полиция қызметкерлері өмірдің қиын жағдайына тап болған 3 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталығына жіберді. Байланыс дерегі көрсетілген орталықтардың тізімі министрліктің және аумақтық полиция департаменттерінің ведомстволық ақпараттық ресурстарында орналастырылған», – деді ішкі істер министрлігінің өкілі.


26 шілде 2021 ж. 745 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031