Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Соңғы аптада елімізде 12 кісі өлтіру қылмысы тіркелген

Соңғы аптада елімізде 12 кісі өлтіру қылмысы тіркелген

Қазақстанда өткен апта ішінде 12 адам өлтіру қылмысы ашылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Берікқызы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Өткен аптада ел аумағында 3226 қылмыс жасалды, оның 2225-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 8 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 44 тонау және 466 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты», деп мәлімдеді Ш. Берікқызы ІІМ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Баспасөз мәслихаты барысында елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі назарға алынды. Министрлік өкілінің айтуынша, аталған проблемаға қатысты заңнама 2009 жылы қабылданып, содан бері оған 12 мәрте толықтыру мен өзгертулер енгізілді.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жауапкершіліктің күшейтілетінін айтты.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдары әкімшілік істі зардап шегушінің өтінішінсіз де жүргізе алады. Дегенмен, отбасылық зорлық-зомбылық көрген әйел, яғни зардап шегуші, көп жағдайда күйеуіне психологиялық, қаржылық жағынан тәуелді болғандықтан мәселені ушықтырғысы келмей, татуласуға келісімін береді. Өткен жылы бізге ел бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанымын деп жазылған 190 мың өтініш келіп түсті. Соның төрттен бірі ғана сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Жалпы, зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік іс жүргізудің 60 пайызы екі жақтың татуласуына байланысты тоқтайды. Осы орайда біз тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған жағдайда екі жақтың татуласу процесін қайта қарауды қолға алып жатырмыз. Яғни, алдағы уақытта күйеуі тарапынан әйеліне қол көтеру қайталанған жағдайда татуласуға рұқсат бермеу жоспарда бар», деп түсіндірді Алексей Милюк.



26 шілде 2021 ж. 468 0

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 41

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 55

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031