Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Педагогикалық идеялар байқауы өтті

Педагогикалық идеялар байқауы өтті

Бүгін №234 орта мектепте білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагогикалық идеялар» байқауы өтті.
Сайыстың мақсаты педагогтардың шығармашылығын шыңдау, өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және заманауи инновациялық білім беру технологияларын насихаттау болып табылады.
Аталған байқауға педагог-психологтар және дефектолог мамандар қатысты. Сайыс ережесі бойынша педагог-психологтар мен дефектологтар «Психолог сандықшасы» бөлімінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Тартысты бәсеке қорытындысына сәйкес, І орынмен №95 орта мектеп психологі Аққоянова Дамира, ІІ орынмен №25 орта мектеп психологі Қожахмет Гүлбағым, ІІІ орынмен Утелбаева Жадыра марапатталды. Жұбаназар Айгүлге Алғыс хат бұйырды.
Арнайы мамандар арасындағы сайыста І орынмен №204 орта мектептің дефектологі Елубайқызы Толқынай, ІІ орынмен №216 орта мектеп дефектологі Сансызбаева Дина, ІІІ орынмен №104 орта мектептің дефектологі Алиева Ақкүл марапатталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
10 мамыр 2023 ж. 195 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930