Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Шығармашыл ұстаздар шыңға шықты

Шығармашыл ұстаздар шыңға шықты

Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен кеше республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының облыстық кезеңі өтті. Облыстық шараға  аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздарынан 30 жұмыс қатысқан.

Фестиваль педагогтердің шығармашылық дамуына демеу болу және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және таратуды мақсат еткенін айта кету керек. Сондай-ақ, сайысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Педагогика-психология білім беру және оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ақпембетов Болат, Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Райымқұлова Жанат, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның модератор мұғалімі, республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының жеңімпазы Бегайдаров Мұхтар төрелік етті.

Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз 5 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алып, 3 мұғалім арнайы номинацияға ие болды. Оның ішінде Қазалы ауданы №225 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Сексенбаева Роза мен, Қазалы ауданы №266 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Баймаханова Гүлсайрам көп ұзамай облыс абыройын республикалық сайыста қорғайды.
11 қаңтар 2023 ж. 589 0

Бүгінгі валюта бағамы

18 қараша 2025 ж. 134

Хабарландыру

18 қараша 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930