Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық 30 пайыз өседі

Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық 30 пайыз өседі

Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық 30 пайыз өседі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңестің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz.
«Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атақ үшін төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.
Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадай сай болуы керек», - деді Президент.
Айта кетейік, Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Бүкілармиялық кеңестің отырысы басталды.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындары педагогтерінің жалақысы өсетіні белгілі болған еді.
Нақтырақ айтсақ, әскери педагогтердің лауазымды айлық мөлшері:
- 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,32 мөлшерінде;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,74 мөлшерінде;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 3,2 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
Келешекте әскери командирдің оң қорытындысын алған мерзімді әскердегі жауынгерлерге тегін жоғары әскери білім ұсынылуы мүмкін. Қорғаныс министрлігінің бұл бастамасын елдегі 70 жоғары оқу орны қолдап отыр.

05 мамыр 2023 ж. 301 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 208

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930