Жапонияда туристерге қойылатын шектеулер алынбақ
Жапон шенеуніктері шетелдік саяхатшылар үшін экономиканы ынталандыру үшін шекаралық бақылауды одан әрі әлсіретуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
Министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары Сейдзи Кихара жергілікті телеарнаға иеннің әлсіреуі «шетелдік туризмді тартуға тиімді» екенін айтты.
Өткен аптада иен 1,7% - ға төмендеп, соңғы 24 жылдағы АҚШ долларына қатысты ең төменгі деңгейге жетті.
Соңғы екі жылда Жапония коронавирустың таралуына байланысты көптеген шетелдік туристердің кіруіне тыйым салған. Өткен жылы шетелдік қонақтарға кейінге қалдырылған Токио-2020 Олимпиадасына қатысуға тыйым салынды.
Дегенмен, осы айда елге кіруге рұқсат етілген шетелдік туристер саны күніне 20 мыңнан 50 мыңға дейін артты, енді олардан гидпен саяхаттау талап етілмейді.
Үкімет келушілерге арналған күнделікті шектеуді мүлдем алып тастауы мүмкін деген болжамдар бар.