Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Несиесін төлемей жүрген қазақстандықтарға онлайн кредит алуға тыйым салынады

Несиесін төлемей жүрген қазақстандықтарға онлайн кредит алуға тыйым салынады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі проблемалық қарызы бар азаматтарға онлайн кредит алуға тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Оның айтуынша, кейбір қазақстандықтар банктегі кредитін жабу үшін басқа қаржы ұйымынан тағы да несие алады. Сөйтіп қарызға белшесінен батады.
"Егер азаматтың пролемалық кредиті болса, сол кезде жаңа онлайн микрокредит алуға тыйым салынады. Бізде кредит алушылар саны неге өсіп барады? Себебі азаматтар банкте бір проблемалық кредиті болса, соны жабу үшін микроқаржы ұйымына барады да, жаңа кредит алады. Сол себепті проблемалық кредит туындаса, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы осындай ұсыныс енгіздік", - деп түсіндірді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
"Бұл тыйым тек микроқаржы ұйымдарына қатысты ма?" деп сұрады журналистер.
"Біз барлық кредит бойынша қарастырып жатырмыз", - деп нақтылады агенттік төрағасы.
26 сәуір 2023 ж. 513 0

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 175

Қазақстанда күн жылынады

11 наурыз 2026 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031