Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Проблемалық несиесінің үлесі 20 пайыздан асқан микроқаржы ұйымдарының лицензиясы қайтарылады

Проблемалық несиесінің үлесі 20 пайыздан асқан микроқаржы ұйымдарының лицензиясы қайтарылады

Сонымен қатар проблемалық берешегі реттелмеген коллекторларға кредитті сатуға заңды түрде толығымен тыйым салынбақ.
Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарында проблемалық кредиттердің үлесі 20 пайыздан аспауы керек, асса лицензиясын қайтарылады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
"Тұтынушылық кредиттердің тым өсуін шектеу үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтілді. Былтыр тәуекел сараптау коэффициенті 150 пайыздан 300 пайызға дейін өсті. Ал микроқаржы ұйымдары бойынша капиталға қойылатын талаптар 5 есе ұлғайды. Проблемалық кредиттердің өсуіне жол бермеу үшін микроқаржы ұйымдарында проблемалық кредиттердің үлесі 20 пайыздан аспауы керек, асса лицензиясын қайтарып аламыз", – деді Мәдина Әбілқасымова.
Сонымен қатар спикер былтырдан бастап халықтың берешегін азайту үшін проблемалық крдеиттердің сыйақы мөлшерлемесін азайту, кредиттің мерзімін ұзарту немесе кредитті толығымен есептен шығару шаралары қарастырылғанын айтты. Оның айтуынша, банктер 633 мың қарыз алушыға қайта құрылымдау жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 268 мың азаматтың кредитін жеңілдетілген. Ал микроқаржы ұйымдары бойынша 568 мың адамды қамту жоспарланса, бүгінгі күні 388 мың азаматтың микрокредиті реттелген.
"Борыш жүктемесі бойынша пруденциялық норматив енгізілді. Енді борыш жүктемесі қарыз алушының кірісінің 50 пайызынан аспауы керек", – деді спикер.
Сондай-ақ Мәдина Әбілқасымова коллекторларға халықтың проблемалық кредиттерін реттеу шараларын, жеңілдету шараларын қабылдау міндеті енгізілетінін айтты. Проблемалық берешегі реттелмеген коллекторларға кредитті сатуға заңды түрде толығымен тыйым салынбақ.


26 сәуір 2023 ж. 358 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031