Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенбілік – тазалық таразысы

Сенбілік – тазалық таразысы

Қоғам игілігі үшін атқарылатын ұжымдық еңбектің мәні зор. Оның бүгінге дейін өз маңызын жоймағанына куә болып жүрміз. Оған әр сенбі сайын өткізілетін сенбіліктер дәлел.
Тазалық айлығы басталағаннан бері тыным таппай жүрген қазалылықтар өткен сенбіде тағы да жаппай халықтық сенбілік ұйымдастырды. Оған аудандағы барлық мекеме қызметкерлері қатысты.
Сенбілік барысында тұрғындар қоқыс тастау полигонын, ХҚКО-нан бастап аудандық туберкулезге қарсы диспансерге дейінгі аралықты, сондай-ақ «Қазақ» қорымы аталып кеткен аумақ пен «Арзан сити» супермаркетінің аралығын, Мектепбай каналы және ПМС мекемесінің жанын қоқыстан тазартып, жинастырды.
– Тазалық маусымы басталғаннан бері қала ішінде де, сыртында да сенбілік жиі ұйымдастырылып жүр. Қарапайым тұрғыннан мекеме қызметкерлеріне дейін тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатқандығын көріп көз қуанды. Жалпы сенбілікке балаларды да тарту керек деп ойлаймын. Мұндай жұмыстар адамды тәрбие мен тәртіпке баулиды. Сондықтан осындай шараларға жас-кәрі демей, жұмыла атсалысу керек, – дейді кент тұрғыны Нағашыбай Жақсылық.
Арай ҚУАНТҚАН
25 сәуір 2023 ж. 216 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930