Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ІІМ: «WhatsApp-тан жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайды»

ІІМ: «WhatsApp-тан жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайды»

Технологияның ілгерілеуімен онымен байланысты қылмыстардың саны да арта түсті. Осылайша, ғаламдық желінің мүмкіндіктерін пайдалу арқылы алаяқтықтың жаңа түрлері белең алды. Биылғы жылдың өзінде 7 мыңға жуық қазақстандық интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Осындай қылмыстық істердің шамамен мыңы ашылды.

Алаяқтықтың ең кең тараған түрі интернет-дүкендерде немесе тегін хабарландыру платформаларында тауар сату туралы хабар жариялаумен байланысты.
Қазақстанда осындай 4,5 мың қылмыс тіркелген.
Алаяқтар өздерінің құрбандарын тиімді шарт ұсыну арқылы арбауына түсіреді. Әдетте олардың бағалары нарықтағыдан айтарлықтай төмен болады. Қаскөйлер оны қалып қойған тауарлардың жаппай сатылымымен немесе шұғыл түрде сату қажеттілігімен түсіндіреді.
Қарапайым алаяқтықтың үлгісі мынандай: тауар сатып алушыдан барлық соманы немесе оның бір бөлігін картаға, жиірек электрондық әмиянға аударуды сұрайды. Содан соң бірнеше күн бойы тауарды алып келетінін немесе салып жіберетінін айтып, сендіреді де, кейін біржола жоғалады.
Осылайша, жазда Алматыда Kolesa.kz сайты арқылы көлік сатып алушыларды алдап жүрген екі интернет-алаяқ қолға түсті.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бүгінгі таңда олардың кем дегенде 29 адамды алдап соққаны белгілі болды. Қазір олардың үстінен сот ісі жүріп жатыр. Айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Интернет-алаяқтықтың басым бөлігі трансшекаралық сипатта болады. Яғни, алаяқтардың құрбандары көбінесе басқа қалада, облыста, кейде басқа елде тұрады.
Қостанай облысының тұрғындары осындай алаяқтық амалдың тұзағына түскен. Өңірдің полицейлері аталған тәсілмен Ресей аумағынан іске асырылған алаяқтық бойынша 32 қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта ресейлік әріптестермен бірлескен қажетті шұғыл-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Интернет-алаяқтардың әрекетінен көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары зардап шегуде.
"Осы залда WhatsApp арқылы жеке куәлік пен банк картасының фотосын жібермеген бірде-бір адам жоқ шығар. Ешбір жағдайда олай істеуге болмайды", – деп ескертеді тәртіп сақшылары.
24 желтоқсан 2019 ж. 849 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930