Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда "қант алаяқтары" көбейіп кетті

Қазақстанда "қант алаяқтары" көбейіп кетті

Қант тапшылығы мен бағаның күрт өсуіне байланысты қантты төмен бағамен ұсынатын алаяқтар көбейе түсті. Орал тұрғындары да алаяқтардың құрбаны болды.
Хабарландыру сайттарында қантты сату туралы көптеген жарнама пайда болды. Оның үстіне келі 250-300 теңгеден екенін айтады, деп хабарлайды "Астана ТВ" телеарнасы.
Сатушылар қоңырауды WhatsApp арқылы қабылдайды, тек көтерме бағамен алуды ұсынады.
Алаяқтар тіпті келісім жасап, құжат дайындайды. Жіберген өнімнің суретін де көрсетеді, алайда қант клиентке жетпейді, дейді полиция қызметкерлері.
Оралда тәртіп сақшылары осы екі фактіні зерттеп жатыр.
Полицейлердің айтуынша, қант алаяқтарын анықтау оңай емес. Олар мұқият жасырынады немесе мүлдем басқа елде.
"Клиенттермен әңгімелесіп, соманы жіберу қажет екенін хабарлайды. Мекенжай бойынша 5 қап қант жеткіземіз дейді. Осыдан кейін біздің тұрғындар ақша жібереді, ал алаяқтар бұғаттап тастайды", - деді Батыс Қазақстан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Ілияс Мұқанов.
Айта кетері, интернет алаяқтықтарының саны күрт өсті. Егер 5 жыл бұрын аймақтың 26 тұрғынын алдаған болса, қазір бұл сан 20 еседен астам.
08 шілде 2022 ж. 731 0

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 34

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 25

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 23

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930