Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Беймезгіл жүргендер бақылауда

Беймезгіл жүргендер бақылауда

Осы күндері аудан көшелеріндегі түнгі мезгілдегі жағдай біршама ретке келді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган мамандарының бірлесе атқарып жүрген рейдтік шаралары оң нәтиже көрсетіп отыр. Десек те, ата-аналар тарапынан жасөспірім балаларды беймезгіл уақытта бақылауда ұстау жайы көңіл көншітпейтіні рас. Әсіресе, беймезгіл уақытта балалардың ойын-сауық орталықтарынан жиі байқалуы рейд өкілдерін алаңдатып отыр. Себебі топтасып немесе жеке жүрген жеткіншектер түнгі уақытта келеңсіз жағдайға душар болуы ғажап емес.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасымен біраз күн бұрын тексеру топтары құрылғаны белгілі. Мұны аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Дүзелбайұлы бастап, жұмысшы топ түнгі рейдке шығуды әлі де жалғастырып келеді.
Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінен құралған ондаған топ аудандық мәслихат депуттары мен әкімдік қызметкерлерімен бірге жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарға аялдады. Жасөсіпірмдер жиі бас сұғатын орталық стадион, спорт алаңдары, тойханалар мен мейрамханаларға және ойын-сауық орталықтары, компьютер, бильярд клубтарындағы жағдайды, оқушылардың сенімді өкілінсіз жүрмеуін қадағалауда.
Құрамында полицей, халық қалаулылары мен жергілікті жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері кіріктірілген қауымның атқарған ісі мен оның нәтижесі жайында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов айтып берді.
– Күнделікті рейд ұйымдастыру көптеген күрмелі мәселенің орын алмауына септесіп отыр деп ойлаймын. Әсіресе, сенбі, жексенбі күндері жасөспірімдердің түнгі мезгілде көше кезуі көбейетіні рас. Осыған орай, аудан орталығындағы мектеп басшылары 4 топқа бөлініп клубтар мен ойын-сауық орталықтарындағы жағдайды бақылап жүр. Олар ата-анасынсыз жүргендерді анықтап, үйлеріне жеткізіп, ескерту жасайды. Айта кету керек, рейд басталған уақыт пен қазіргі бақылауды сарапқа салсақ, түнгі көшедегі бейберекетсіз жүріс біршама азайды. Ата-аналар мұның бала қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шаруа екенін түсініп, ортақ іске атсалысуы керек, – дейді ауданның бас ұстазы Әділхан Оңдасынұлы.
Еске сала кетейік, жергілікті атқарушы және құзырлы орган өкілдері көшедегі тәртіпке тексерісті күнделікті жүргізеді. Заңда беймезгіл уақытта кәмелет жасқа толмаған балалардың сенімді өкілінсіз жүруі анықталған жағдайда ата-анасына әкімшілік айыппұл толтырылатыны көрсетілген.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
18 сәуір 2023 ж. 177 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930