21 жасқа толмаған азаматтарға микроқаржы ұйымдарында кредиттер беру шектеледі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы» жобасына түзетулер енгізбек, деп хабарлайды baq.kz.
Әзірленген қаулы жобасына сәйкес, жиырма жасқа толмаған қарыз алушының орташа айлық табысын есептеу тәртібі өзгереді.
Жоба жиырма бір жасқа толмаған адамдарға микрокредиттер беруді шектеу мақсатында, сондай-ақ осындай қарыз алушыларды қорғау мақсатында әзірленді. тұтынушылық кредиттеуде тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында борыштық жүктемесі коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген, - делінген құжатта.
Енгізілген түзетулерге сәйкес, енді қарыз алушы растайтын құжаттарды ұсыну арқылы кірістер туралы ақпаратты растауы керек. Ал жиырма жасқа толмаған қарыз алушыға қатысты оның табысын бағалау ресми табыс негізінде айқындалады.
Қандай кірістерді құжаттау қажет болады:
қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 3 айдан 12 айға дейінгі кезеңдегі ресми кірісі;
қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 3 айдан 12 айға дейінгі кезеңдегі дебеттік карта бойынша шығыстардың орташа айлық сомасы;
қарыз алушы өтініш берген күннің алдындағы 3 айдан 12 айға дейінгі кезең үшін дебеттік картаны толықтырудың орташа айлық сомасы;
микрокредит ресімдеуге өтініш берген күнге депозиттегі және (немесе) ағымдағы шоттағы қалдықтардың сомасы;
қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 айдан бастап 12 айға дейінгі кезеңде депозиттердің және (немесе) ағымдағы шоттардың толықтырудың орташа айлық сомасы;
қарыз алушының өтініш жасаған күні алдындағы 3 айдан бастап 12 айға дейінгі кезеңде депозиттерден және (немесе) ағымдағы шоттардан алынған қаражаттың орташа айлық сомасы;
21 жасқа толмаған адамдарға несие беруді шектеу үшін қарыз алушының орташа айлық кірісі тек ресми кіріс негізінде есептеледі.
21 жасқа толмаған тұлғаларға қарыз беруді шектеу мақсатында қарыз алушының орташа айлық табысын есептеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Жобада қарыз алушының орташа айлық табысы ресми растауды талап ететін кірістің бір немесе бірнеше критерийлері негізінде айқындалған қарыз алушы кірісі мөлшерінің қарыз алушы өтініш жасау алдындағы қатарынан алты айдағы қатынасы ретінде есептеледі.
Мұндай қарыз алушыларға қатысты микроқаржы ұйымдары ай сайынғы орташа табысты есептеуді тек ресми кірістер негізінде жүргізуге міндетті.
Жоба 2023 жылдың 28 сәуіріне дейін қоғамдық талқылауға арналған.