Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ

Бала тәрбиесі - баршамызға ортақ

Бүгін Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында «Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ» атты мәжіліс өтті.
Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан басшысы ең әуелі басқосудың себебіне тоқталды. Яғни, отырыста аудандағы топтық төбелеске тосқауыл қойып, бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді талқылау қажет екенін тілге тиек етіп, алғашқы сөзді аудан прокуроры Дарын Әбішке берді.
– Баршамызға белгілі, 6 сәуір күні ауданда оқушылар арасында төбелес орын алды. Аталған оқиғаға қатысты әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сондықтан қатысы бар адамдарға заңдылығына сай тиісті шара көріледі. Десе де, менің айтпағым бұл емес.
Жастар әліде бұл жағдайға селсоқ қарап жүр. Сонда бір аптадан бері күн демей түндемей жүрген азаматтардың жұмысы қайда қалды. Еңбектері еш кеткені ме?! Осы ретте менің айтар ұсынысым- әр сынып жетекшісі әр баланың әлеуметтік даму паспортын жасау қажет. Сондай-ақ, ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып, әлеуметтік желідегі чаттарда белсенді жұмыс жасауы қажет. Сосын «ауруын жасырған өледі» демекші, құқық бұзуға бейім балаларды тіркеуді бастайтын уақыт жетті. Оған қоса, қазір полиция мен мектеп арасында байланыс жоқ, үзілген. Сондықтан тығыз қатынаста болып, келеңсіз жайттардың алдын алу қажет. «Жұмыла көтерілген жүк жеңіл» демекші, сіз болып, біз болып әрекет жасамасақ, барлығын бір адамға артып қоюға болмайды, – деді Дарын Елтайұлы.
Мұнан соңғы сөз кезегін алған Жанқожа батыр атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік Мәдиұлы қоғамдағы әкелердің рөліне қатысты ой қозғады. Сондай-ақ, діни тұрғыда түрлі мысалдар мен оқиғаларды келтіріп, түсінік жасады.
– Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген сөз бекерден-бекер айтпаған. Жаратқанның бізге берген аманаты – бала. Сондықтан бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Ел аман жұрт, тыныш болсын, – деді ауданның бас имамы.
Сонымен қатар, басқосуда М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің қамқоршылық кеңес төрағасы Ертай Қабылшаұлы, гуманитарлық-техникалық колледждің ата-аналары атынан Роза Зинединқызы ой қосты. Одан бөлек, ата-аналар мен ақсақалдар тарапынан түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қорыта келе, бүгінгі ата-ананың бала тәрбиесін уыстан шығарып алғаны туралы айтты. Сондай-ақ, алдағы басты міндет - жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу екеніне тоқталды.
– Байқасақ қазір үлкендердің барлығы «біз кезінде әкемізден жасқанып тұрушы едік, әкең келе жатыр, әкеңе айтам деген сөз бізді тәрбиелеген еді. Ал, қазір керісінше. Балалар әкеден именбейді, анадан жасқанбайды» деп шағымданады. Бұған бірден-бір кедергі – көп ата-ана үшін тәрбие бірінші орында болмағандығы. Мойындау керек, қазір әлеуметтік желінің жетегінде жүрген бала көп. Дастархан басында да, жастықтың астында да сол ұялы телефон. Өкініштісі сол, мұндайда тоқтам қоятын ата-ананың да қатары азайып келеді, - деген аудан басшысы аудандық білім бөлімі, полиция бөлімі, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, мәдениет және спорт бөлімі және басқада бірқатар бөлімдерге тапсырма жүктеді.
Айта кетейік, жиынға аудандық мәслихат төрағасы, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, ардагерлер, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес мүшелері толық қатысты. Одан бөлек, құқық қорғау органдарының, мекеме-кәсіпорын басшылары, әйелдер кеңесінің төрайымдары, көше комитеттерінің төрағалары, зиялы қауым өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, колледж студенттері және білім саласының қызметкерлері, аудандық және қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары қатысты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
14 сәуір 2023 ж. 236 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 37

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 86

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 93

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 62

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 97

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031