Халық қалаулысы қоғамдық қабылдау өткізді
Бүгін аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихаты депутаты Күншығар Әбілов тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген жас маман қазіргі таңда жастар тәжірибесі бойынша жұмыс жасап жатқандығын айтып, тұрақты жұмысқа орналасу мәселесін алға тартты. Ал, WhatsApp желісі арқылы өз өтінішін қалдырған қала тұрғыны Нарымбетов көшесінің аяқ-су және жол мәселесі бүгінгі күні өзекті екендігін жеткізіп, сауалдарын жолдады. Келіп түскен өтініштермен мұқият танысқан мәслихат депутаты заң аясында жауап беріп, назарға алып шешілу жолдарын қарастыратындығын атап өтті.
#AMANAT